26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Көбелектер жайлы бірнеше дерек






Көбелектер-көркімен көз тартатын тіршілік иегерлері. Тым қысқа өмір сүргенімен, Табиғат анаға тигізер пайдасы орасан. Көбелектер жайында қызықты деректермен таныс болыңыз:

• Лепидоптерология-көбелектерді зерттейтін ғылым саласы.

• Attakus Atlas-ең үлкен көбелек өкілдерінің қатарынан табылады. Олар түнгі уақытта тіршілік етеді, кейбір ғалымдар оны құсқа да балайды. Себебі, көбелектің қанатының ұзындығы-30 см.

• Әлемдегі ең кішкене көбелек-Англияның Канар аралынан кездеседі. Оның ұзындығы, небәрі 2 мм.

• Кейбір көбелектер әр күн сайын мың жұмыртқа салады.

• Көбелектерде есту мүшесі тым нашар. Есесіне, олар жауынан қорғанар сәтте дыбыстық белгіні сезеді.

• Еуропа елдерінде көбелектерге ерекше назар аударады. Ал, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Америка сынды алпауыт елдерде оны азық ретінде пайдаланбайды.

• Барлық көбелектердің салмағы, шамамен есептесек, екі раушан гүлінің салмағына тең.

• Көбелектер-тозаңдатқыштардың қатарына енеді және олар 60 км/сағ жылдамдықпен ұшады.

• Бүгінде көбелектердің 165 мыңға жуық түрі бар.

• Бұл табиғат мекендеушілері-стресстен құтылуға септігін тигізеді. Иә, Стокгольм қаласының дәрігерлері осы тұжырымдамамен келісіп, арнайы тәжірибелер жүргізгені анықталды.

• Көбелектер Арктикада да күн кешеді. Арктикалық көбелектер түссіз болып келуі мүмкін. Олар қанатының түсі арқылы жауынан қорғана алады.

• Кейбір көбелектер жануарлардың көз жасымен қоректенеді.

• Көбелектердің дәм рецепторлары табанында орналасқан. Сонымен қатар көбелек көзі 6000 мыңға жуық линзадан тұрады.

• Көбелектердің қанатын жию арқылы таңғажайып туынды жасасаңыз болады. Әрине, егер қанат саны-4,5 млн болса ғана. Бір таң қаларлығы-әлемде осындай жолмен салынған суреттеме бар екен. Бұл туынды Жауынгердің шынайы сенімі деп аталады. Оның иесі-Ким Ир Сен атты шетелдік адам.

Аружан Самидин