Оқушыларға
Журналист болуға 5 себеп
Журналистика-әлем елдерінің қызықты не болмаса жантүршігерлік жайттарын, түрлі жерлерге саяхат жасап, қоғам арасында қарым-қатынас жасаудың негізгі көзі іспеттес.Жан-жақтылыққа қалыптасып, ой деңгейіңізді көбейтесіз, жақсы мен жаманның парқын ажыратып, білім қорын жинайсыз.Бұл саланың ең басты ерекшелігі-ізденісте! Осы арқылы жеке көзқарасыңыз пайда болады, бұқаралық ақпарат құралдарының ең үздік маманы атанасыз!
Жақсы қамтылған мамандық өкілі боласыз.Жоғарғы оқу орнын бітірген соң лайықты жалақы аласыз.Егер керемет нәтиже көрсететін болсаңыз, практикалық тұрғыда өзіңізді шыңдап қана қоймай, биіктерден көрінесіз.
Жұмыспен қамтамасыз ету.Журналистика мамандығы бойынша оқу орнын тәмамдағаннан кейін тұрғылықты жұмыс көзін табу қиындық тудырмайды.Себебі, журналистер-төртінші билік өкілдері.
Журналист екеніңізді мақтан тұту.Журналисттік этика-журналист өмірінің көрінісі.Өкінішке орай, қазіргі таңда бұқара халық бұл мамандық иелеріне сенімділік танытпайды.Журналист маманының міндеті-қоғамдағы келеңсіз жайттарды ашу.
Қалауыңызға қарай кругозорыңызды кеңейте аласыз.Тәжірибелі мамандармен қарым-қатынас орнатар болсаңыз, шеберлігіңізді ғана емес, жеке тұлға ретіндегі қасиеттеріңізді дамытасыз.