26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

9 өлке 1 фестиваль






Тарих – табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы. Түрлі оқиғалар мен құбылыстар туралы деректер жинау – тарих білімінің бір қыры. Осы тарих қойнауына үңілсек, қазақ елінің тарихи тұста түрік қағанатының құрылғанынан бастап өзіндік діні, салт-дәстүрі, сана сезімі қалыптаса бастады. Ежелгі тарихымыз бізді бүгінгі таңда әлем бойынша түркі тілдес елдермен байланыстырады. Осы тұста Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-де бастау алған Түркі әлемі деректі фильмдер IV халықаралық фестивалі өтті.

Іс-шараны Түркі әлемі журналисттер федерациясы мен ҚазҰУ ұйымдастырды. Университетке қолдау көрсеткен Қазақ ұлттық өнер академиясы болды. Биыл кинофестиваль тоғыз қатысушыелдің жетекші серіптес жоғары оқу орындарында өтіп жатыр, оның ашылуы қазан айының басында Стамбулда (Түркия) өтті. Кинофестивальға Түркия, Қазақстан, Түрікменстан, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Венгрия, Македония, Кипр елдерінің үздік жұмыстары қатысады. Фильмдер өзекті әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдықмаңызды тақырыптарға, жастарды тәрбиелеуге арналған. Халықаралық кинофестивальдің салтанатты ашылуына кинематогроф аңызы, танымал актер және режиссер Асанәлі Әшімов, Түркі әлемі журналисттер федерациясының президенті Мендерес Демир және басқа да құрметті шетелдік қонақтар,фильмдер авторлары, масс-медиа өкілдері, қоғам өкілдері,Алматы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. «Біз үшін ортақ түркі мұрасын сақтау ісіне, түркі мемлекеттерінің ұлттық өзіндік ерекшелігі мен шығармашылық бірігуіне арналған кинофестивальға қатысу үлкен құрмет. Кино өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызды тақырыптарды көте отырып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын, дүниетанымын жөне тарихи маңыздылықты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады», -деді ҚазҰУ бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев қонақтар мен қатысушыларды құттықтай отырып. Ол кинофестиваль Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуде (Әзірбайжан) түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің 7-ші отырысында айтқан жолдауына сәйкес келетінін атап өткен, онда Елбасы мәдени, білім саласындағы іс-шараларды «Түркістандық көзқарас -2040» (Тюркское видение -2040) бағдарламасына енгізу қажеттілігінатап өтті.

«Жыл сайын кинофестиваль географиясын кеңейтіп, біздің халықтарымызды рухани, тарихи жағынан жақындастырады. Бұл ұлы түркі ойшылы Әл-Фарабидің жерінде өтеді, оның мұрасы бізді біріктіреді, ол бүкіл адамзат үшін құнды. 2020 жылы әлемнің өзінің 1150 жылдық мерейтойын атап өтеді, бұл айтулы оқиға келесі кинофестивальдің тақырыптарынан көрініс таппақ», - деді Мендерес Демир. Ол сонымен салтанатты жағдайда Асанәлі Әшімовке әлемдік кинодағы және түркі елдерінің мәдени байланыстарын нығайтуға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлық табыс етті.

Қазақстандық бағдарлама кинофестивальдің финалында еңжақсы студенттік және кәсіби деректі фильмдерді көрсетуді қамтыды. Осындай әлемдік кинофестивальдің біздің жоғары оқу орнында өткізу елдің халықаралық аренадағы беделі мен тарих сахнасындағы орнын айқындайды, әлеуетін арттырады.