Оқушыларға
Ғажап сезім Махаббат
«Махаббатсыз дүние бос» - деп айтып кеткен Абай атамыз. Бұл сөздерде үлкен терең мағына жатыр. Махаббат, сүйіспеншілік, мейірім болмаса өмірдің мәні жоқ деп айтуға болады. Махаббат бір ғажап сезім ғой. Сол сезімдерге бөленіп, өмірдің керемет кездерін басымыздан өткіземіз.
Махаббат – жігіт пен қыздың арасындағы махаббат қана емес. Өмірге деген махаббат, ата-анаға деген махаббат, дос, жора-жолдасқа деген махаббат, Отанға деген махаббат, табиғатқа деген махаббат.
Әр перзент иесі дүние есігін айқара ашқаннан кейін, өмірге келгеннен кейін өмірді бағалап, өзін-өзі жақсы көруі ұлғаяды. Өзін-өзіне деген көз-қарасы өзгереді. Өзін-өзі күтіп, ешкім өзін қорлауға жол бермейді.
Өмірге деген махаббат – өмірдің мән-мағынасын түсіне білу. Әрбір өткізген уақытын жақсы болуын армандайды. Тағдыр тәлкегі болған соң, қайғы мен қуаныш бірге жүретіндігін түсіну қажет. Өмір адамзат баласына бір-ақ рет берілетін сый. Өмірге деген сезім, құштар басым болу керек деп ойлаймын.
Ата-анаға деген махаббатты үлкен сезіммен айтуға болады. Өйткені, ата-анамыз дүние жарығын бізге сыйлаумен қатар, бізді өсіріп, жетілдіріп, оқытып, тәрбиелейді ғой. Ата-анаға зор ықылас алғыспен бас иеміз. Шексіз ризамыз. Балалары ер жеткен кезде көбі ата-аналарын ұмытып, тастап, қарттар үйіне тапсыратындар да бар. «Ата-ана қадірін балалы болғанда білерсің» деген сөздер бекер айтылмаған. Сол себепті ата-ана қадірін қазірден бастап ұғыну керек.
Туған елге, жерге деген сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Неге? Өйткені өз туған үйімізден жыраққа кетіп қалсақ, кіндік тамған ауылымызды сағынамыз. «Өз үйім өлең төсігі деген сөздер еске түседі.
Біздің Отанымыз – Қазақстан елі. Қазақстан елінің патриоты болу үлкен бір арман іспеттес. Сол себепті Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан азаматтар мен азаматшалар өз елін, жерін, тілін, халқын құрметтеп, сүю керек деп ойлаймын.
Ұлы сезім - ғашықтық сезім. Екі ғашықтың бір-біріне деген сезімі туралы ақын-жазушылар да жазып, кітапқа басып шығарған. Кино әлемінде де орын алады. Біз білетін Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу, Ләйлі- Мәжнүн махаббат жыры болып жазылған. Қазіргі уақытта ұлы сезімді бағалай білетіндер аз. Махаббатқа шектеу жоқ Бірақ, әрбір сезімді бағалай білу деген пікірдемін.
бастауыш сынып мұғалімі
Исина Тазагуль Бакытовна