26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Жиі саяхаттау дұрыс па?






....Лос-Анджелес, Париж, Чехия....

Əттең, осы қалаларға саяхаттап, барып келгенге не жетсін?! Менің ойымша, жиі саяхаттау артық етпейді. Себебі, адам баласы саяхаттаған кезде басқа мемлекеттердің мəдениетімен танысып, салт - дəстүрін, тіл - мəнерін үйренеді. Əр мемлекеттің өзіндік ерекшелігі бар. Сол ерекшеліктермен неге таныспасқа?

Бір жағынан сіз жиі саяхаттап тұрсаңыз, көптеген стресстерді ұмытып, тек саяхатыңызды ойлайсыз. Жəне өміріңізді жаңадан бастағандай алдыңызға мақсаттар қойып өзіңізді дамыта аласыз! Қазіргі кезде көптеген жастар шетелде оқып, білім алу үшін барып жатыр. Алайда, шетелге жай ғана демалып, саяхаттап барып жатқандар да аз емес. Əрине, шетелге кімнің шыққысы келмейді? Қаражатыңыз болса, бүкіл əлемді аралай беріңіз! Өкінішке орай, шетелге бару үшін билеттердің құны артуда...

Қуанышымызға орай, қазіргі таңда көптеген туристік агенттіктер ашылуда. Жəне олар қазақстандықтарға шетелге шығуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Яғни барлық жағынан да көмектесіп отыр. Қорытындылай келе, егер мүмкіндік болып жатса, саяхаттап тұрған дұрыс.

Айналаңызға зер салыңыз, əр қала бірнеше қызықтарға толы, саяхаттаңыз жəне одан ерекше əсер алыңыз, достым!

Тұрарханова Əсел