26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі






Денсаулық — ең бірінші байлығымыз! Осы сөздің түпкі мағынасын толық түсіне алмай жатамыз. Қазіргі кезде тіпті жаңадан туылған нәрестенің өзі түрлі аурулар мен әлсіздікпен туылып жатады. Біздің болашағымыз, ұрпағымыз дені сау, мықты болу үшін өзімізден бастауымыз қажет. Қазіргі кезде әлеуметтік желілер мен көптеген түрлі компьютерлік ойындарға қатты беріліп кеткені сонша қалай таң атып, қашан кеш батқанын аңғармай жататын кездері де кездеседі. Қозғалыссыз өмірдің арты семіздікке, ал семіздік адам органдарының жұмыс атқару принциптерінің өзгеруіне алып келеді. Түрлі дәрілер мен әртүрлі мықты-мықты дәрігерлерді іздегенше, отбасыңмен, достарыңмен серуендейтін жер іздеу артығырақ емес пе? Алматы — табиғаты керемет, жастардың қаласы. Қысы-жазы көркем табиғаттың сұлулығына қарап тоймайсың. Әсіресе, таулары мен өзен-көлдері. Қала тұрғыны болғандық, көбінесе, көп уақытымыз қоғамдық көлікте немесе көлік кептелісінде өтетіні рас. Сенбі, жексенбі немесе мереке күндері Алматының кермет табиғатын тамашалауға кеңес беремін. Аптаның бір күнін өз денскулығыңыз үшін тауға көтеріліп, таза ауамен тынысталып, өз-өзіңізбен болып, табиғатпен сырласа біліңіз. Қала белсенділерінің қатарына қосылып сізде салауатты өмір салтын ұстана біліңіз. Алатаудың биік тауларына көтеріліп немесе Алматы алақандай көрінетін Көктөбеге шығуға кеңес беремін.

21 сәуір күні жылда өтетін АлматыМарафон-2019 өтті. Дүбірлі марафонға жалпы 18 мың адам қатысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар мен қатар 53 елдің қатысушылары Алматының кең көшелерімен жүгіріп өтті. Жексенбі күні қатысушылар сағат 6:30 дан бастап жиналып, таңғы жаттығуларын сол жерде жасап, жүгіруге дайындалды. Қала тұрғындары мен қонақтарың концерттік бағдарламалар мен көптеген конкурстар ұйымдастырды. Жүгіру қашықтығы бойынша балаларға — 3км , ересектерге- — 42,2 км және 21,1 км. Марафонда көптегкен спортсмендерді көріп өзіңе мотивация алады екенсің. Мен осындай марафонға екінші рет қатысуым. Ең алғаш 21,1км қашықтыққа жүгіріп өзім үшін жақсы нәтиже көрсеткенмін. Ал биыл өткен жылды нәтижемді жаңартып, одан да жақсы нәтиже көрсеттім. Жақсы нәтиже көрсеткенім үшін медальмен марапатталып, бір қуанып қалдым. Ендігі алдағы мақсатым, жыл сайын осындай марафонның қатысушысы атану. Биыл жастар жылы болғандықтан, ұйықтап бос уақытты өткізбеуіміз қажет. Біз осындай шағын жетістіктерден бастауымыз қажет. Қатысып сен өзіңе тәжірибе жинап, шыңдаласың. Қоғамға кішкентай болсын пайдамызды тігізбесек, несіне Қазақстанның азаматы болып жүрміз? Әрқашан қоғамға белсене араласа білейік! Дені сау адам алға қойған мақсатына жете білетін,қоғамда өз орын таба білетін, әрқашан жеңіске ұмтылатын табиғаттың ең қымбат жемісі болып табылады. Сондықтан, салауатты өмір сүріп, еліміздің көк байрағын тек биіктерден көрсете білейік.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Әскери кафедра студенті Жамбыл А Д