26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Дінтанумен болашаққа!






Дінтану мамандығы қазіргі таңда кең етек ала бастаған мамандықтардың бірі болып табылады. Бұл мамандықты көп жастар мешітте иман немесе мектеп мұғалімі болып жұмыс атқарады деп ойлайды.Дінтану мамандығы заңгер және де дәрігер сияқты қазіргі уақытта мемлекет органдарына керекті мамандық болып табылады. Себебі мемлекетімізде көп жастар діни сананың төмен болуынан , көптеген өзге діни ағымдардың жетегінде кетіп қалады.Сол секілді өзге діни бағытта кеткен адамдармен дінтанушылар жұмыс атқарады. Дінтану мамандығымен әкімшілік, ішкі істер департаменті, ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа орналасуға болады.

Алғашқы кезеңдерде дінтану әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылған. Қазіргі таңда дінтану кафедрасының білім беру жүйесі , басқа мамандықтардың білім беру жүйесінен алда болмаса , кем түспейді.

ҚазҰУ студенттеріне толыққанды оқуына және демалысына жағдай жасалынған.

Университетте бағасы төмен, әрі сапалы, дәмді тағамдар даярлайтын ірі қоғамдық тамақтандыру комбинаты, асханалар және буфеттер бар. Басқа қаладан келген студенттерге жатақханадан орын беріледі. ҚазҰУ қалашығында Студенттер Сарайы, киноклуб, спорттық кешен, Ыстық-көл жағалауында жаздық спорттық-сауықтыру кешені бар.

Өз ойым бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін және де алда өзімнің мемлекетімдегі дінтану мамандығының өркендеуіне өз үлесімді қосамын деген ниеттемін.

ҚазҰу 4 курс студенті Нұрасыл Әлішер, дипломдық жұмыс жетекшісі : Мейманқожа Н.Р