26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Мамандық






Қазірге кезде мамандық таңдау аса оңайға түспейде. Біреуі дəрігер, біреуі кассир, біреуі сатушы, енді тағы біреуі машинист болуды армандайды. Əр адам өзіне ұнайтын мамандықты таңдау қажет, себебі ол жұмыс өзіңе ұнамаса, жұмысқа деген ешқандайда қызығушылық болмайды.Үлкен бір маман иесі атану үшін адам көп білім алып талпыну қажет. Қазіргі таңда ондай адамдар жоқтың қасы əрине көпке топырақ шашпаймын оқып алға ұмтылатындар да аз емес. Сондай-ақ əр адамның мамандығына деген сүйіспеншілігі болуы тиіс. Сонда ғана жұмысқа деген құштарлық, құлшыныс арта түседі. Əр бір адамға өзіне қажетті мамандығын табу оңай іс емес ол үшін көптеп ат салысу керек. Бұл жағдайда ата-ананың, достардың, туыстардың,мұғалімдердің көмегі демеу бола алады. «Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі –жар таңдау, екіншісі –мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы –адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындый болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс –табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң , соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамдықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамадықтар қатарына жоғарғы технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамдықтары жатады. Қоғамның дамуына біздің өңірде, қазба байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менім ойымша өте кем. Өкінішке орай, біз балалардың таңдауының ақылмен емес,біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата –анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдар мен келеді. Біреулер үшін –ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін –жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге –әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б.Мамандық таңдауда ең бір мән беретін қасиет – ол мінез –құлық. Адам баласы мамандық таңдауда сол мамандықтың мінезгеде сәйкес келуі міндетті деп ойлаймын. Мінез таңдаған салаға үйлессе, жұмыс бабында да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық.

Мен дəрігер мамандығын таңдадым. Бұл мамандыққа шыдамдылық, шыншылдық, төзімділік т.б мінез құлықтар қажет.Бұл мамандық аса жауапкершілікті қажет етеді.Кішкентайымнан дəрігер мамандығына қызығатынмын. Сол қызығушылық əлі де бар. Ақ халатты абзал жандар адам өмірін арашалап қалуы тиіс, бұл тіпті қиын жұмыс болып табылады. Əрине үлкен маман иесі болу үшін көп ізденіп, көп талпыныс жасауға тырысамын.

Үлкен маман иелері болу өз қолымызда екені сөзсіз. Жəне де бұл егеменді еліміздің болашағына ықпал етуге көмектеседі.

Мырзабергенова Филодельфия