26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Мектепке барудың маңызы неде?






Мектепке барудың мәні неде?

Білім алу.

Дұрыс па?

Ақылдырақ болу үшін.

Сіз колледжге барғанда яки университетке түскенде мектептің мағынасын түсінесіз - деп мұғалімдер көп айтатын шығар. Бірақ ол шындық. Жақсы жұмысқа қабылдау кезінде алған біліміңіздің қадір-қасиетін түсінесіз. Яғни сабақта отырған уақытыңыздың мағынасы бар. Үй тапсырмасын орындаудың мағынасы бар.

Ал мектепке барудың қажеті жоқ екенін айтатын сыныптастар, колледжге барғанда немесе маман болғанда оқушы болған кезеңін сағынады. Ал өз ісін мектептегі білімінсіз өздері жасаған адамдар - олар әлі күнге дейін өмірден сабақ алуда. Жоғалған, уақытында жасалмаған дүниелерді жасауда.

Барлық табысты адамдар сабақ алады,мейлі мектептегі ұстаздардан болсын,мейлі өмірден болсын. Себебі адамдардың талғамы өзгереді, таңдауы өзгереді. Адамдар өзгерген соң,заман да соған ыңғайласады. Бүгін болмаған дүние ертең пайда болса,оның пайдасы мен қолданылуын адамдар үйренеді. Себебі, бұл өмір заңы, өзгелердегідей білім деңгейің болмаса, бұл дүниеде өмір сүру қиынға түседі.

Әркімнің өз таңдауы бар, ол рас. Бірақ,сізге асықпауға кеңес берер едім. Себебі, балалық шағыңыз, мектептегі оқушы кезеңіңіз,колледждегі студент уақытыңыз, толық айтқанда өткен уақытыңыз ендігі оралмайтын дүние. Көзіңізді ашып-жұмғаныңыздай бұл өмір де зулап өте шығады. Сондықтан, кез-келген дүниенің уақыты мен орны бар, және оны асықтыру қажет емес деп білем.

Назар аударғандарыңызға рахмет!