Оқушыларға
Менің Өмірдегі жолдарым
Мен Байтен Айнұр Даулетқызы 1994 жылдың 28-інші жұлдызы күні ОҚО Түркістан қаласында қарапайым отбасында дүниеге келдім.Әкем мен анам қарапайым жұмысшылар. Өмірдің қиыншылығын аз көрмедік. Аллаға шүкір әкем мен шешем ешкімнен кем қылмай өсірді.Бес баламыз отбасымызда.Қиыншылығы мен қызығы бірге жүретін осынау өмірде қалай күресуі керек екендігін уйретті.Біреудің ақ жолын аттамауды,ешкімге жамандық жасамауды,жақсылыққа жақсылық істеуді,таспен ұрғанды аспен ұруды уйретті.Есімде бала күнімізде бесеумізді қатарға тізілдіріп қойып,жеті атамызды,руымызды,жүзімізді уйрететін әкем.Аллаға шүкір сол күндегі берілген тәрбиенің нәтижесі бүгінде үш ұлдың анасы болып басқа уйдің түтінін түтетип отырған жағдайым бар.Аллахым нәсіп етіпҚыздың ең басты міндеті тұрмысқа шығып бала сүю-болса сол бақытты еселеп берді.Жүрегінде иманы бар ұрпақтың анасы болу,өзінің отбасы үшін жан-тәнімен тынбай жұмыс істеп жүрген жанның отбасында отырғаным қандай бақыт.Отағасын жұмыстан күтіп отырып,күлімдеп ас-ауқатын беріп,ата-анасымен бауырларына сыйластық көрсетип отырғаннан асқан бақыт жоқ сияқты.Мен үшін ең үлкен бақыт ата-анаммен бауырларымның амандығы,отбасымның дендерінің саулығы деп білемін.Өмірді сүре білсең көре бересің деген.Өмір деген ағып жатқан бір өзен сияқты.Бірде мөп-мөлдір таза болса,кейде лайланып барып қайта тұнық болатыны белгілі.Сол өзеннің суындай таза,жаны жайсаң,ақкөңіл адамдарда кездеседі,жаны жамандыққа толы,тәкәппар,менмен,жалқау жандарда арамыздан табылып жатады.Ешқашан біреуге жақсылық жасаудан жалықпау керек.Біреу саған жамандық жасаса жылама,ренжіме,қайғырма.Басты көтеріп тереңірек дем алып мына өмірдің тек жақсы шақтарын есіңе ал.Өмір бір орында тоқтап қалмады,жалғаса береді,жалғаса береді.Егер өміріңіз сынақтарға толы болса жасымаңыз.Сынақ келді дегенше қуаныңыз.Алла сізді елеусіз қалдырмады.Ешқашан сынаққа қарсы тұрудан қорықпаңыз.Сынақты берген Алла,одан шығатын жолда береді.Егер сенген адамыңыз сеніміңізді ақтамаса,жақсылық жасаған адамыңыз сізге жаманшылық жасаса,аманат жасаған адамыңыз қиянат жасаса кінәні өзгеден емес өзіңізден іздеңіз.Өзіңіздің кінәңізді көру арқылы өмірге айқын қадаммен,жаңа көзқарастармен қарай бастайсыз.Өмірдің кейбір сәттерінде күйбең тірлікпен жүріп Әке-шешемізді ұмытып кетіп жатамыз.Жо жоқ олай болмайды.Әрбір тірі пенде үшін өмірде бірінші орынды Әке мен шеше алуы керек.Бізді осынау жарық дүниеге келуімізге,көруімізге себепші болған ол Әке мен ана.Сол кісілердің қадірін ұғынбасақ,түсінбесек ертең біздің алдымызға келмесіне кім кепіл.Тірі кезде қадіріне жетпесек,өлгеннен соң өкінудің қажеті жоқ...