26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Заңды білу-өзіңе қорған болу...






Дүниеге келген сəттен бастап өміріңнің соңғы күніне дейін күресіп өтесің. Əрбір басқан адымыңа сенімді болу үшін бүгінгі күні білімің жетік болуы тиіс. Осындай қарбалас заманда өз құқығымызды қорғай алмай жататындығымыз өтірік емес.
Байқайсыз ба, бүгінгі күні ата-аналарымыз: «Шамаң келсе, заңды оқып ал, қарағым. Сонда ғана өзгеге жем болмайсың» - деп жатады. Астарын ақтарып жатпасақ та, белгілі жайт. Өз құқығын білмегендіктен жоқ жерде таяқ жеп жатқандар аз емес. Бұл құқықтық сауатсыздықтан деп білемін.
Жұмыссыздық жайы бүгінгі күннің айтулы проблемаларының бірі. Арман қала Алматыға оқу, жұмыс іздеп келіп, құр алақан қайтып жатқан адам санынан гөрі алданып жатқандар белден асады. Студенттер арасында тəжерибені бір ай өтіп, жұмысқа алынбай, көк тиынсыз қалып жататындары да бар. Мұндай жағдайларларда əрбір адамзат баласы азаматтық құқығын, еңбек құқығын білмей жатса, жағдай тек қиындай түседі. Заңнан xабары жоқ xалық құқық пен заң сөздерін естісе, бастарын ала қашады. Мұның да себебі сауатсыздық.
Газет-журнал беттерінен заң мен қылмысқа байланысты мақаланы оқып, байыбына барып жатқандар санаулы шығар. Азаматтық құқығымызды қанша таптап жатса да табандылық көрсететіндер аз. Кей кездері қазаққа тəн «ұят» жібермей қалатын кездер аз емес. Одан қалса, еріншектігіміз де бар.
Жақында ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық жəне азаматтық іс жүргізу, еңбек кафедрасының аға оқытушысы Урисбаева Айнұр апайымыздың Азаматтық істерді оңайлатылған іс жүргізу тəртібімен қараудың түсінігі мен ерекшеліктері атты еңбегіне көзім түсті. Бұл мақалада автор азаматтық іс жургізуде жаңадан енгізілген нормаларлың ұтымды тұстарын, оның ерекшелігі, талап қою мен арыздың элементтерін сөз еткен.

Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы, мемлекет пен қоғам қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нəтижесінде мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың неғұрлым белсенді өзара іс-қимылына конституциялық тыйымдар мен шектеулер алып тасталғандығы жəне соның нəтижесінде бүгінде біздің елдің ішкі жағдайы мен қажеттіліктеріне толықтай сай келетін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жаңартылғандығын айтып кеткен бұл еңбектің байыбына бара білсең, құқық саласынан сауатың біраз ашылады.
Азаматтық құқық, бүгінгі күні белең алып келе жатқан жас отбасылардың арасындағы ажырасу мəселесе, бизнес тақырыбы, жеке меншік фирмалардың құқықтарын кең ауқымда қарастырылған жұмыстарына қарап отырып өзіме алғаным да көп болды. Қашан да еңсеңді тік ұстау үшін жан-жақты болған дұрыс екен. Еңбек тақырыбына, жұмысқа байланысты, еңбек етуге байланысты туындаған дауларды шешу жолдары жəне əркімнің өз құқығын қорғаудағы құқықтары жайлы тақырыпты Худайбердина Гүлнұр оқытушымыз өз еңбектерінде ашып жазған. Туындыларды оқу барысында өз- өзіңе сенімділік пайда болатынына көзім жетті. Себебі өз құқығын білген адам жайдан-жай өзгенің дегеніне көне қоймайды. Не дегенмен заңнан xабардар болған дұрыс екен.
Жақында əкемнің шағын бизнесі жабылған болатын. Сеп-салдары белгісіз болып қалды. Егер ізіне түсіп, өзімізді өзіміз қорғауға азда болса тырысқанда іс біздің пайдамызға шешілер ме еді?
Отандастар, əлемді құлпыртудың орнына құлдыратып алмайықшы, əйтпесе бір күні құрдымға кетер түріміз бар.

Ақбаян Нұрланова