Оқушыларға
Əдеп қағидалары
Біз кейде өзімізді тым еркін, кейде тым ұяң ұстаймыз. Көшеде немесе қоғамдық орындарда біздің əдебіміз-біздің тəрбиемізді көрсететінін ұмытып жатамыз. Мысалға алатын болсақ,қоғамдық орындарда біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұрау қажет. Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсету,адамға тесіле қарау бұл əдепсіздік белгісі.
Іссапарда кейбіреуіміз өзімізді қалай ұстау керектігін білмейміз. Жолға шыққанда соған лайық киіну қажет. Саяхаттау барысында жалпыға ортақ киім киінген дұрыс. Шет елге саяхатқа шыққанда сенің мінез-құлқың бойынша сенің еліңді танитының ұмытпау керек.
Театрға 15-20 минут бұрын келіп,спектакль басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге,өзіңді ретке келтіруге,бағдарламаны сатып алуға,өз орныңа отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғандарға қолайсыздық тудырады.
Автобустарға адамдар көп мінген жағдайда біреудің мазасын алып немесе ол сізге бір нəрсе айтып қалған жағдайда тым дөрекі болмаңыз.
Əдеп-ол сіздің тəрбиеңіздің айнасы.
Гүлнұр Жиенбаева