26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Абай қалдырған асыл мұра






Шын хакім, сөзің асыл- баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпе- деп Алаш көсемі Мағжан Жұмабаев айтқандай Абай есімі, Абай үні мәңгі қазақ жүрегінде ерекше орын алмақ. Абай шығармаларының ішіндегі, менің ойымша, ең құндысы ол- қара сөздері. Неге десеңіз, бұл шығармаларында Абай көпшілдік оқушы, тыңдаушысыменен әңгімілеседі. Және, сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелернен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құштарлық сияқты жайларды айтады.

Мәселен 19- сөзін алайық, бұл қара сөзінде Абай естілік пен білімділікке ден қойған. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады...» шыныменде, Абайдың ұлы ақын болуы ең алдымен оның туа біткен дарынына байланысты болса, содан соң оның өскен ортасына, бала кезден алған тәрбиесі мен оқып- тоқығанына байланысты. Ес біліп тілі шыққан кезден бастап ол қазақ әні мен өлеңін, не бір аталы да шұрайлы сөзін естіп көпті көрген дана әжесі Зере мен тұқымына шешендік, ақындық, өнерпаздық дарыған шешесі Ұлжанның тәрбиесін алып кестелі сөздерін құлағына құйса, топ алдында жаңылмай сөйлейтін Құнанбай мен басқа да ру басшыларыың даулы да билік сөздеріне ден қойса, ауылына келген қонақтар мен жолаушылардың әңгімелерін, естеліктерін зор ынта қойып тыңдады, бойына сіңірді. Естілік пен білімділікті Абай өз ортасынан ғана емес,шығыс жұлдыздары,Байрон,Гете сияқты батыс ақындары,оларға жалғас орыс қаламгерлері – сонау Крыловтанбастап, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Салтыков- Щедриндердің қазақтың жалғыз классигі солардың барлығына шәкірт болып шығады.

Қорыта айтқанда, адам баласына есті,білімді болу үшін бар жағдай бар оны жанынан іздей ме,әлде білім кенін қаза ма оны адам өзі шешеді. Алайда, адам оны біліп түсінуге тушынбаса онда бар қақпа жабылады.

ҚазХҚ және ӘТУ студенті Аружан Төлеген