26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Менеджмент мамандығы жайында






Абдрашова Әсел Мақсұтқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі



Бүгінгі таңда, жоғары оқу орындарында таңдалған мамандыққа байланысты, білім алу мен дағдыларды игеру, қазіргі заманғы әрбір адамның дамуына қажетті қадамдардың бірі болып табылады.

Қазақстанда көптеген мәселелер, басқа елдерде сияқты, тәуелсіздікке қол жеткізіп, еуропалық оқыту үдерісіне бет алғаннан кейін, және білікті мамандарды даярлауға кірігу жолында өзгерді. Соған байланысты, Қазақстанның білім беру жүйесінде әртүрлі дәреже - «бакалавр», «магистр», «ғылым кандидаты» және т.б. бар. Енді «магистр» дәрежесіне тоқтала кетеік, магистратура - жоғары білімнің бір бөлігі, оның екінші деңгейі, яғни тағы бір мамандықты игеру (біліктілікті жоғарылату) немесе игерілген мамандық бойынша білімді тереңдету мен оқыуды жетілдіру мүмкіндігі.



Қазіргі уақытта, мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Инновациялық менеджмент» мамандығының, 2 курс магистранты болып келемін. Бакалавриатты «Менеджмент» мамандығы бойынша бітіргенімнен кейін, осы мамандық бойынша нақты бағытты таңдап, оқығым келді және ҚазҰУ осындай мүмкіндікті берді. Бұл мамандандық маған қызық әрі заман талабына сай көрінді, өйткені қазіргі уақытта инновациялар - әр саладың дамуы және табысының маңызды факторы болып табылады, яғни нарықта бұл мамандыққа деген сұраныс бар .

Менеджмент саласына қысқаша тоқтала кетейік. Бір қарағанда, менеджмент басқарушының қарапайым нұсқауларымен байланысты сияқты, бірақ дұрыс нұсқау беру үшін, басқарушы, болып жатқан процестердің мән-жайын түсінуі керек. Яғни, басшылық нәтижелі болуы қажет, олай болмаған жағдайда оның мағынасы жоғалып, керісінше зиян әкеледі. Басқарушы өз жұмысында, менеджменттің басты принциптеріне және өз тәжірибесіне сүйенеді . Оның қабылдаған шешімдерінен, өзі басқаратын істің табысы тығыз байланысты.

Басшылықта, басқа мамандықтардағы сияқты, жинақталған білім мен түсіністік, мансапта үлкен табысқа жету үшін қажет. Білім өрісі жыл сайын кеңейе түсуде, сондықтан оны дұрыс пайдалану үшін, практикаменен қатар, бірнеше жыл көлемінде сол бағытта елеулі зерттеулер жүргізу абзал. Тәжірибесіз адамдар бұл шындықты мойындамаса да, тәжірибелі адамдар бұл мәселенің мән-жайын түсінеді.

Нәтижелі басқару, кез-келген ұйымды табысқа жетелейді. Мұны қалай жасаудың әмбебап әдістері жоқ. Сол себептен, бір жағынан өздерінің біліміне, сондай-ақ ішкі және сыртқы жағдайларды қатар есепке алу қабілетіне сүйенетін басшылар қажет. Кәсіпорынның табысты дамуына түрлі жолдармен жетуге болады.



Әрбір қызмет саласына, мемлекеттік немесе жекеменшік мекемелерге, барлық жерде басшылық қажет, яғни білікті менеджер. Осы бағыттардың әрқайсысында, басқарушы кейде біркелкі, кейде нақты мәселелерді шешуі қажет. Сондықтан менеджменттің алуан түрлерінің көптігі, таңданарлық жайт емес.

Менеджмент - ұйымның әртүрлі деңгейдегі негізі түбірі болып табылады. Соныме қатар, ол - ұйымның кез-келген бөлігінің қалыпты қызмет жасау жағынан, тұтастай ұйымның өмір сүруіне және тиімді қызмет атқару тұрғысынан да маңызды.

Менеджменттің келесідей басты түрлерін бар:

1) стратегиялық менеджмент - тұтастай алғанда ұйымның маңызды, жаһандық проблемаларын шешуге бағытталған басқару;

2) инновациялық менеджмент - кез келген түрдегі инновацияларды басқару;

3) өндірісті басқару (өндірісті басқару);

4) маркетингті басқару ;

5) қаржылық менеджмент;

6) қызметкерлерді басқару.

Қазіргі кезде оқып жүрген мамандығым туралы сөз қозғасақ, жалпы алғанда, инновациялық менеджмент - бұл тұтас мемлекеттің инновациялық және техникалық әлеуетін қалыптастыруға, сонымен бірге, әрбір ұйымның, қолдауға және дамытуға бағытталған, шешімдерін дайындау және жүзеге асыру жүйесі. Инновациялық менеджердің негізгі функциялары:

• Болжау, жалпы басқару объектісінің және оның әртүрлі бөліктеріндегі техникалық, технологиялық және экономикалық жағдайының ұзақ мерзімді өзгеруіне қатысты дамуды қамтиды.

• Жоспарлау - инновациялық үдерісте жоспарланған мақсаттарды әзірлеу және оны іске асыру үшін қажетті шараларды қамтиды.

• Ұйым қандай да бір ережелер мен рәсімдер негізінде инвестициялық бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыратын адамдарды біріктіруге түіседі.

• Реттеу - бұл жүйелер мен белгіленген параметрлерден ауытқып кеткен жағдайда техникалық, технологиялық және экономикалық жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, басқару объектісіне әсер ету.

• Үйлестіру - менеджмент жүйесінің, басқару аппаратының және жекелеген мамандардың барлық бөліктерінің жұмысының үйлесімділігі.

• Инновациялық менеджменттегі модельдеу қызметкерлерді инновацияларды құру және енгізу бойынша жұмысының нәтижелеріне қызығушылық танытуға ынталандыру арқылы көрініс табады.

• Бақылау инновациялық процесті ұйымдастыруды, инновацияларды жасау және енгізу жоспарын тексеруді қажет етеді.

Кәсiби мамандарды дамыту үшiн, пайдалануға мүмкiн болатын, жүйелi бiлiм жиынтығы болуы керек. Әрбір маман, басқару принциптері мен әдістерінде тәжірибе алу үшін, күш-жігерін барынша жұмсауы қажет. Сол сияқты, басқарушы менеджмент саласында тәжірибе алу үшін, процеске деген қызығушылық пен ынталығын көрсетуі керек.

Менеджерлер әрдайым қажет болады. Бұл мамандыққа деген сұранысты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарадын мәселе, экономика, маркетинг, жарнама және психология сияқты білім комплексін қамтитын мамандықтың әмбебаптығы .