26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентімін. Армандар орындалады






Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Бұл өмірде барлық адам армандайды. Мен де армандадым. Мен мектеп оқып жүрген шақтарымнан журналист болуды армандадым. Теледидарды көп көрдім, ондағы бағдарламаларды тамашалай отырып, тележүргізуші мамандығына қызықтым. Сол кездерден бастап ынтам ашылып, журналист болғым келетінін түсіндім. Сөйтіп алдыма мақсат қойдым. Сол мақсатқа жету жолында жұмыстар атқардым. Ылғи да ойымдағының барлығын қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсіретінмін, өлең шығарып, шығармалар жазатынмын. Бұл менің арманыма жетер жолымның бастамасы еді. Келесі қадам мектепті бітіріп, өзім қалаған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне оқыға түсу болатын. Сол мақсатпен көп оқып, талпындым. Сөйтіп мектепті де аман-есен бітіріп, арман қуып Алматы қаласына келдім. Шығармашылық емтихандарды ойдағыдай тапсырып, арманымның ошағы болған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне оқуға түстім. Қазіргі таңда осы университеттің журналистика факультетінің 1 курс студентімін. Сол үшін де мен бақыттымын. Болашақта журналсит боламын деген мақсатта сапалы білім алып жатырмын. Алған біліміді ұштастырып, шыңдап, болашақта өз мамандығымның шебері болатыныма сенемін.

Әр адам алдына мақсат қоя білу керек, армандау керек, армандаудан қорықпау қажет. Сол мақсат пен арманға жету жолында аянбай күресе білген адам ғана биік шыңдарды бағындыра алады. Армандаңыздар, армандар орындалады. Тек оған сену керек, талпыну қажет.

мақала авторы: Кадирова Роза

жетекшісі: Құрманбаева Алмагүл Әлиқызы