26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Мен кіммін?






Мен кіммін?

Мамандықты қалай таңдаймын?

Мамандық таңдау неге қиындап кетті?

Иә... Бұл жасөспірімдерді толғандыратын ең актуалды тақырып десем қателеспеспін. Жастарымыз өз бойындағы дарынын, қоғамдағы өз орнын,өз миссиясын таба алмай әлек.

Немесе әке-шешесінің айтқанынан шыға алмай жүрген,өз қалауын білмейтіндер көп пе?! Міне , балалардың ойын сан-саққа жүгіртетін ойлар осы. Оны біліп, түсініп жатқан ата-ана жоқ. Елдің баласындай бола қоймадың деп , қол ала жөнелткенше , балаңыздың жүрек үнін тыңдап, қолынан келетін ісін, талантын дер кезінде байқап, қолдау көрсеткен абзал.Мүмкін, сол кезде ғана балаңыз жан дүниенісінің қалауына сай келетін салада жұмыс істеп, табысқа қол жеткізіп, жан раxатына бөленер.

Қазақ: Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі-жар таңдағанда, екіншісі-мамандық таңдағанда деп бекер айтпаса керек. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспін!