26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Латын тілінің пайдасы неде?!






Латынға өтудің ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ:

Бірінші, «Қазіргі қазақ әліппесінде 42 әріп бар, орыстарда – 33, арабшада 28 әріп болса, латынды игерсек, бар болғаны 25-26 әріп болар еді» делінеді. Ақылға қонады. Реформа қажет.

Екінші, Кейбіреулер «латын әліппесі Қазақ тілін Орыс тілінің ықпалынан шығарады» дейді. Ал билік «Біз кирилл әрібінен бас тартпаймыз. Біз орыс мәдениеті мен орыс тілін ұмытпаймыз. Орыс тілі арқылы әлемдік мәдениет жайлы білдік және орыс тілі үнемі бізбен болады. Біздің көршіміз әрдайым қасымызда және біз әрқашан бірге жұмыс істейтін боламыз, - дегенді айтады.
Уәж: Бізге қазір не маңызды? Мемлекеттік тілді іс жүзінде орнату ма? Әлде, Латын графикасына көшу ме? Егер Мемтіл маңызды болса, екіншісі ұзақ жылдар бойы мемлекеттік тілдің орнауын неге кейінге ығыстырды.
Біздің ұлттық идея – латиницаға көшу емес, мемлекеттік тілді өзіне тиесілі тұғырына орнату болмағы тиімді. Демек, Бізді Орыс тілінің ықпалынан шығаратын, латын таңбасы емес, ұлттық санамыз, яғни мемлекет билігі жүргізуге тиісті ұлттық идеология.

Санамыз өзгермесе, латын таңбасы еліміздің ұйысуына емес, керісінше ұлттардың аражігін ажыратуға қызмет етеді. Себебі, латынға өтетіндер тек қана қазақша оқып, қазақша жазатындар болады. Себебі, биліктің бас жоспарында елімізде үш тіл: ағылшын, орыс және қазақ тілдері қатар қолданылуға тиіс. Бүкіл билік орысша ойлап, орысша сөйлеп отырғанда және «орыс тілі мемтілмен қатар қолданылады» деп Ата заңымызда жазулы тұрғанда оларға кириллицаны қолданбаңдар деп қалай айтамыз?

Орыс тілінің ықпалынан шығу үшін ең бірінші кезекте Ата заңымызға (Конституция) өзгеріс енгізіп, 7-баптың 2-ші тармағындағы «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген сөзді алып тастау қажет еді. Бұл бапты алып тастау жөнінде 25 жыл бойы биліктен өтінбеген, сұрамаған, талап қоймаған бірде-бір қазақ болған жоқ. Тіпті аштық та жарияланды. Алайда, орыс тілді билік бұған құлықты болмады. Билік бұған шын ниетті болғанда кешегі соңғы реформа да бұл даулы мәселені түбегейлі шешіп, екінші бапты алып тастауы тиіс еді. Демек, биліктің бас жоспары мемтілдің көсегесін көгерту емес.

Білім саласындағы бітпейтін реформалар, соның ішіндегі ең бастысы Қазақ баласына үй қояны сияқты тәжрибе жасап, үш тілді балабақшадан бастап оқытудың тоқтатылғаны дұрыс. Бұл үшін Қазақстан билігі басында мемтілді білмейтін адам қызмет жасамауға тиіс. 25 жыл аз уақыт емес. 25 жылда мемтілді меңгере алмаған министр мен депутат енді ешқашан меңгере алмайды.

Латын әліпбиі қазақты орыс тілінің ықпалынан шығара алмайды.

Үшінші, «Латын әліпбиіне көшу уақыт ағымы. Латын әліпбиі ғылымның, технологияның, медицинаның тілі. Және қазір әлемнің көптеген елдері осы әліпбиді қолданады. Барлық қазақ баласы халықаралық ағылшын тілін білуі керек. Себебі, барлығына сол тіл қажет» делінед
Уәж: Бізге мына жағдайды есте ұстаған жөн. Кирилица да, Латиница да апалы, сіңлілі дүниелер. Екеуінің де бастауы Аналық текке жатады. Бұл Ұлы Жаратушы-Алланың он сегіз мың ғаламды, соның ішін де адамзатты да жарату қағидасына қайшы. Аллатағала бірінші Ауа Ананы емес, Адам Атаны жаратты. Біз қабылдайтын таңба да осы жағдай ескеріліп, тіліміз Аталық текке сай болғаны жөн.

Жұрттың бәрі шетелдіктермен жұмыс жасамайды. Қазақтың бәрі бүгінгі жемқор, парақор шенеуніктер сияқты Атамекендерін тастап Америка немесе Еуропаға қашуға, немесе солардың ықпалына өтуге дайындалып жатырған жоқ. Егер біреулер солай ойлайтын болса, қатты қателеседі. Мына ел мен жерді, тіл мен дінді аталарымыз қалай қорғады, бізде солардай қорғайтын боламыз. Оған ешкімнің күмәні болмауға тиіс. Ақиқатында да, қарапайым жұмысшыларға (қала халқының ең көп пайызын құрайды), ауыл шаруашылығында егіншілік, мал бағу кәсібімен айналысатын 43% қазаққа ағылшын тілінің қажеттілігі қанша? Ағылшын, орыс тілдерін пән ретінде 5 сыныптан оқытқан дұрыс. Ары қарай бұл тілді оқыту ерікті болуы керек. Бұл тәжрибе әлемнің барлық елдерінде қолданылады. Бесіктен белі жаңа шыққан сәбиге өзге тілдерді үйрету ешбір елдің тәжрибесінде жоқ. Сәбидің тілі Ана тілімен шығып, Ана тілімен сусындап, Ана тілімен бұғанасы бекуге тиіс.

Әңгіменің қысқасы, Латын тілі сауданың, яғни сатудың тілі. Бұл тілде сатылмайтын дүние жоқ. Адам, ар, намыс, ұят, жер, тіл, дін, тіпті бәрі, бәрі сатылады. Орыс тілді биліктің Әліппені (Алып биді) алып тастап, оның орнына «Сауат ашу» дегенді ұсынып жүргендерінің сыры осы. Сауат ашудың толық мағынасы Ауа сатуды үйрену. Өздеріңіз көріп отырғандай «С-ауа-т» дегенімізде Сат (сату) сыртында Ауа қақ ортасында айшықталып тұр. Қаған - Хандардың ағасы, Санақ - Сақтардың Анасы, Сенек – Сақтардың Енесі деген сияқты.

Атам Қазақтың Ата салты бойынша ұлттық идеологиямыз «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қағидаға негізделіп, билікте осы қағиданы ұстануға тиіс еді. Біз қазір орыс тілді биліктің «Сату» деген қағиданы толық меңгергенін айқын көріп отырмыз. Мына барыстан жақын маңда Қазақстан да ауадан басқа сататын ештеңе де қалмауы әбден мүмкін болып отырған жағдайы бар.

Төртінші, Әліпбиді ауыстырсақ, сингармонизм заңдылығы сақталады. Сөздер қалай дыбысталуы қажет болса, солай таңбалануы тиіс. Мұндай тілдік тәртіпті енгізудің ұрымтал тұсы – осы латын әліпбиінің жаңа үлгісін енгізу сәті делініп, қазіргі таңда Тіл комиссиясына латын әліпбиінің жүзден аса нұсқасы ұсынылған.

Уәж: Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов атамыздың басшылығымен жасалған Әліппе де бұл заңдылық толықтай сақталған. Атамыздан «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген қанатты сөз қалған. Қазіргі нұсқа ұсынушыларда дыбыстық таңбалардың басты мақсаты Ұлы Аталарымыздың шежіре-тарихымен және оның сандық жүйеге сәйкес келуге тиіс екені ойларына кіріп те шықпаған. Бірін алып, бірін қосып, бес жасар баланың тірлігін істеп, ысқыртып басып жүр.

Дыбыстық таңбалар мен сандық жүйе шежіре-тарихқа сай болмаса, келер ұрпағымыз тап-таза мәңгүртке айналып, маймылды атам деп (Дарвин), мойындайтын болады. Атаң маймыл деп, мектеп оқулықтарына жазып берген орыс тілді биліктің тәрбиесін алып өскен бала Ата мен Ананы, өзінен жасы үлкендерді силамайтын болады. Біз қазір осының жемісін жеп жатырмыз. Ешкімде маймылды төріне отырғызып қойып, өле-өлгенше бақпайды. Елімізде қаптап кеткен қарттар үйі осының айғағы. Күні кешеге дейін қазақтарда қарттар үйі түгілі, мұндай ұғым да болмаған.

Бесінші, Жаңа ұрпақ тоталитарлық коммунистік жүйенің психологиясынан арылады.

Уәж: Ұрпақты коммунистік жүйенің психологиясынан әріп-таңба ажыратады деп, ойлаудың өзі барып тұрған білімсіздік. Ол, жүйеден Қазақты ұлттық сана мен идеология ғана ажырата алады.

Алтыншы, Түркі тектес елдердің барлығы дерлік латын әліпбиіне өтіп болды.

Уәж: Кейбіреулер латынға өтсек өркендеп, елдің алдына шығатындай көріп Өзбекістан, Әзірбайжан, Түрікменістандар көшті, бізге де көшу керек дейді. Біз алдымен дәл солардай өз Ана тілімізді төрге шығара алдық па? Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы орыс мектептерін не істейміз? Қазақтың Мемтіліне жол бермей сіресіп отырған орыс тілді билікті не істейміз? Ол жерлердегі қазақ балаларының орыс мектептеріне бармасына қандай кепілдік бар? Орыс тіліндегі сұраққа мемтілде жауап бергендерді жұмыстан шығарып жүргенімізде, бір латынға өтпек түгілі, он латынға өтсек те бұл мәселе оң шешімін таппайды.

Сол өткен елдердің қандай рухани байлыққа кенелгенін неге сараламаймыз? Соңғы кездері сол елдерден әлемді таңдандырған Ұлы Ғұламалар неге шықпай жатыр? «Тектіден текті туады» дегендей Ата тарихтан сусындамаған ұрпақтың қолынан ондай дүниелер келмейтініне қандай дау бар? Демек, латын графикасы Біздің ұлттық санамыздың өсіп-өркендеуіне қызмет жасайды деп ойлаудың өзі ақылға симайды.

Латын тіліне өткен елдердің тапқан пайдасы, Ата тарихынан мақұрым қалып, айдаған жаққа «жел айдаған қаңбақтай болып, домалай беретін жаңа ұрпақ» пайда болады. Қазіргі билік басында жүргендердің ең басты көздеген мақсаты да осы болса керек.

Жетінші, «Әліппе ауыстыру адамның санасын жөнге келтіреді» делінеді.

Уәж: Бұл жағдай керісінше, әліппе ауыстыру білімге емес санасыздыққа жетелейді. Қазақша терминдер (сөздер) жойылып оның орнына шетелдің түсініксіз терминдері (сөздері) ешбір өзгертусіз, сол қалпында қабылданып, қазақтың сөздік қорына енетін болады.

Әңгіменің ашығын айтқанда латынға көшу Қазақстанға орасан зор шығын алып келеді. Барлық атауларды да, терминдерді де, барлық құнды қағаздар (ішінде теңге де бар) мен іс-қағаздарын түгел ауыстырып, өзгертуге тура келеді. Ол үшін балабақша тәрбиешілерінің, мектеп мұғалімдерінің, өзге де оқу орындары оқытушыларының жаңа корпусын дайындап, материалды-техникалық базасын жасау қажет болады. Демек, әліпби ауыстыруға миллиондаған емес, миллиардтаған қаржы қажет болады.

Сегізінші, Тәуелсіздік алған соңғы 25 жылда Қазақтың өткен Ұлы тарихы жайлы сан миллиондаған кітаптар, миллиардтаған ғылыми еңбектер мен мақалалар жазылды. Тіпті, шетелдердегі Қазақтың өткен тарихы жайлы қаншама деректер елге әкелініп, мемтілге аударылды. Енді осылардың бәрі латын тіліне аударылады және олар түпнұсқаға сай болады дегенге кім сенеді? Сонда осылардың бәрі кім үшін, не үшін жасалды? Түпнұсқадан ешкім оқи алмайтындай етіп, қоқысқа ылақтыру үшін бе? Әлде халықтың тарихи жадын өшіріп, мәңгүртке айналдыру үшін бе?

Тоғызыншы, Латынға көшудегі сенімсіздік туғызатын басты себеп, әліпбиді ауыстыруды насихаттаушылар Қазақша білмейтін, білсе де шала - пұла ежіктеп әрең оқып, әрең сөйлейтін, қазақша екі сөздің басын құрай алмайтын адамдардан болғаны. 25 жылда мемтілді меңгеруге білімі жетпеген адамдар Ана тіліміздің мәселесін қалай шешпек. Қарабастарының қамынан басқа ештеңе ойламайтын, бойларын жемқорлық пен парақорлық жайлаған билікке осындай күрделі мәселелерді ойдағыдай шешеді деп, сене аламыз ба? Бөлінген қаражат тағы да қолды болып кетпей ме? Осылардың бәрінен негізгі зардап шегетіндер тағы да жалақысы мен зейнетақылары аз, басында баспанасы мен үй салатын жер телімі де жоқ қарапайым қазақ болып шықпай ма? Ұлтымыздың жаны Тіл тағдырын кімдердің қолына тапсырып жатқандарымызды ойланғандарымыз жөн болар.

Жоғарыда көрсетілгендерден шығатын қорытынды, егер билік Атам Қазақтың «Тілі екеудің, діні екеу, діні екеудің соңы құрдым» деген ұлағатты өсиетінен бас тартып, Ата Заңымыздың 7 бабының екінші тармағын қолданыстан алмай, латынға өтуді ұсынуы бұл біртұтас қазақты тағы да бөлшектеу болып шығады. Біреуі латынды, біреуі кирилицаны, біреуі арабицаны пайдаланады. Қазақ баласы бірнеше (қазақ, орыс, ағылшын) тілде сөйлеп, бірнеше дінде, бірнеше діни ағымдарда (қазірдің өзінде солай болып жүр) және бірнеше алфавитте оқитын болады. Ана тіліміздің тәрбиесімен сусындамай өскен қазақ баласы (бақшадан бастап зорлықпен үш тілді үйрету Бізді ондай мүмкіншіліктен айырып отыр), «бала қай тілде білім алса, оның ұлты сол» деп ұлы ғұламалар айтқандай, нан тауып жеп жүрген тілінің «арын арлап, мұңын мұңдайтын» болады. Қазақтың бір бөлігі, әсіресе билікте жүргендер бұрыннан мемлекеттік тілді білмейді. Ежелден қазақша білмейтін қазақтар қазақшадан бас тартып, орысша оқитын болады. Баршамызға белгілі орыс тілді билік мемлекеттік тілді ешқашан қолдаған емес. Қолдаса, 25 жылда бір емес, он тілді меңгеретін уақыттары болды. Міне осы билік бізге мемтілді өздері меңгерудің орнына латын әріптерін енгізуді ұсынып отыр. Әліппесі өзгерген орыс тілді қазағы да, шала қазағы да үйреншікті орыс тіліне бет бұратын болады. Міне осы өтпелі кезеңде орыс тілі тағы да алдыңғы орынға шығып, мемлекеттік тілге өту жоспары орындалмай қалады. Ашығын айтқанда латын жазбасына өту, қазақтың тілдік дамуын тоқтатып, орысшаға және ағылшыншаға өтуге мәжбүрлейді. Миллиардтаған қаржы жұмсалады. Сонда мұның бәрі не үшін? Біз бұрында «төте жазуда» болдық, енді міне кирилицаны да тастап барамыз. Бұрынғымыз сірә, бұрынғы ғой. Зорлықпен болды, дейміз. Енді міне соңғы кирилде жазылып жинақталған, бір ғасыр бойы ежелгі жазбалардан аударылған әдеби, тарихи мұраларда жоқ болып, оқусыз қалады. Біз осылай тамырымыздан ажырап, адасамыз. Латынға өтеміз деп, оны түсіне алмай, орысшасын оқитын боламыз. Бұл жерде қазақ тілі амалсыз кері шегінетін болады. Қазақтың түпкі мақсаты мемтілді нығайту еді. Мемтілді нығайтуға қазіргі қолданып жүрген әліпбиіміздің мүмкіншілігі де мол еді. Енді орыс тілді қазақты қазақша үйретудің орнына, өзімізге латынды үйренуге тура келіп, басымызбен қайғы болып кететін болып тұрмыз. Біз бұл жерде Ана тілімізді нығайтуға жұмсайтын уақыттан ұтыламыз. Қоғамдағы ең өткір ұлттық мәселелерді талқылаудан да ұтыламыз. Ұрпағымызға ұлттық тәрбие беруден де ұтыламыз. Шамасы, орыс тілді билікке де керегі осы болар. Әйтпесе, олар бізге латыншаны тықпалап, қалғандары қос қолдарын көтеріп қолдамас еді.

Алайда, қазіргі Әліппеге реформа аса қажет. Бізге ең жеңілі жоғарыда көрсеткенімдей, әліппені шежірелік жүйеге сәйкестендіріп, қазіргі 42 әріптен, кірме 12 әріпті алып тастау. Қалған 30 әріптің орналасуы қазақтың шежіре-тарихына сай болуға тиіс. Бұл ешқандай қиындық туғызбайды. Уақыт үнемделеді. Шығын да шықпайды. Әріптеріміздің 28,5% кемуі балаларымыздың үйренулеріне де жеңіл болады. Ең бастысы, Алаш Арыстары аңсағандай, әріптер шежіре-тарихқа да сай болып, Ата жұртта (Қарашаңырақ, Қазық жұртта) отырғанымызды бүкіл әлемге айғақтайтын боламыз. Бұл жағдай да Қазақ Әліппесі – Алып би, Қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің Анасы деген атына сай болып шығады. Ақиқаты да осы. Себебі, бізден басқа ешбір ел өз тілдерін Ана тілі деп атамайды. Өзгелердің олай атауға құқықтары да жоқ. Атамыз Қазақтың «аптырлық құқын» ешкім ешқашан тартып ала алмайды.

Қазақстан билігінің «Болашаққа бағдары: ұлтымыздың рухани жаңғыруы» арқылы болатын болса, онда Әліппе реформасы жоғарыда көрсетілгендей болғаны жөн. Бұл Елбасымыздың «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген тұжырымына толықтай сай болады. Ал, тек мына көрші Өзбекістан сияқты ағылшынның 26 таңбасын сол күйі көшіре салсақ, онда мұның керісінше болғаны. Бәйге жақын.

Өкінішке орай БАҚ ақпараттарына сүйенсек, Қазақ Әліппесін реформалау Латын Әліпбиін пайдалану арқылы жүзеге асырылуы көзделіп отырғаны мәлім болып отыр. Осы ретте латын әріптерінің саны және оның дыбысталу нұсқалары ешқандай негізсіз, қалай болса, солай әртүрлі нұсқада ұсынылуда. Мұның өзі бірінші нұсқада атап өткендей, Қазақ Әліпбиінің дүниеге келу, өркендеу тарихын және оның мәні мен мағынасын түгелдей жоққа шығарады. Осы жағдайға байланысты, Латын нұсқасын да қоса ұсынып отырмын.

Өздеріңіз көріп отырғандай, 12 әріп: А,Ә,Е,И,О,Ө,Ү,Ұ,У,Һ,Ы,І тікелей дыбысталады, Бы, Ғы, Ды, Жы, Зы, Қы, Мы, Ны, Пы, Сы, Ты, Шы деген 12 әріпке «Ы» дыбысы қосыла дыбысталады. Гі, Кі, деген екі дыбысқа «І» жалғанып, қазақтың сандық атауын берсе, Ый, Ыл, Ың, Ыр деген төрт буын ұрпақ Алаштың баласы деген мағына беріп тұр.

Латын әліпбиінде қазақтың И,Й, Һ дыбыс-таңбалары жоқ. Есесіне Ф,Х сияқты екі артық әріп бар. Демек, Біз Латын әліппесін осы тұрған күйінде қабылдай алмаймыз.