26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Математика пәнінен логикалық тапсырмаларды шешу






ОҚО, Түркістан қаласы
Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің
8 Б сынып оқушысы: Жумадуллаев Шахрух Давранұлы
Жетекшісі: Ажиметова Вазира Ибадуллаевна



Олар қандай баға алды? Азамат, Сәуле, Қанат үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Азаматтың бағасы «3» емес, ал Сәуленің бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?

Жауабы: Азамат – «5», Сәуле – «4», Қанат – «3» алған



Бақташының барлық қойларының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Бақташыда барлығы қанша қой бар екенін анықтаңыз.

Шешуі: 320+320:4=320+80=400



42 қызыл шар, 54 көк шар және 78 сары шарды әр түсті шарлардың сандары бірдей болатындай неше топқа бөлуге болады?

Шешуі: ЕҮОБ (42, 54, 78)=6



Ауладағы үйректер мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқатары 66. Аулада неше үйрек және неше қоян бар?

Шешуі: Бас –x, аяқ – y. Енді теңдеулер жүйесін құрамыз:

Жауабы: (15, 9)



Осыдан үш жыл бұрын әпкесі мен інісінің жастарының қосындысы 15 жас болды. 9 жылдан соң олардың жастарының қосындысы қанша жыл болатынын анықтаңыз?

Шешуі: әпкесі – x, інісі – y. Осы белгілеудің негізінде теңдеу құру әдісімен шығарамыз: Жауабы:39