Оқушыларға
Азық-түлік және тамақ түрлері туралы жұмбақтар
Қостанай ауданы
Мичурин орта мектебінің
6-сынып оқушысы
Мухамедгалиев Болат
Алға жайып тұз-дәмін,
Келтіреді үй сәнін.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейіл де арайлы,
Осы жерден тарайды. (Дастархан)
Сұйық еді аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Ішсең дәмі тәтті-ақ. (Айран)
Мұз сынды түрі,
Тәтті дәмнің бірі. (Науат)
Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлің қанады,
Ішсең құйып. ( Сүт пен Айран)
Ең мықты дәрі,
Жұрттың бәрі.
Аңсап ішер,
Бал татыр дәмі,
Ненің нәрі? (Шұбат)
Мал төлдеп,
Әр ауыл
Пісірді ақ бауыр. (Уыз)
Тобатайға құртымдай,
Жаз бойы бір тынбай,
Жинаған гүл сөлін,
Не?
Білсең, айтшы өзің? (Араның балы)
Аспан түстсе сұйық,
Әркім ішер құйып (Су)
Бір жансыздың қаны бар,
Тіл үйірген дәмі бар,
Шөлдесең іш, қанып ал. (Кесе мен Шай)