26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Ақылды кеңес










Сөреде дәптерлер, кітаптар іштері пысулы,

Портфельдер тыныстап бір уақ.

Қонжықтай қаламай у-шуды,

Анандай портфельдей маужырар ұзақ.

Үстелдің астында қисайсаң қаншама,

Дөнбекшу ұйқыда маужырап жетеді не оған.

Ал жазда шаршаған жандарды соншама,

Оятуға ұмтылма.

Бақайдың ұшымен жүргейсің абайлап,

Өзіңе абай бол тым құрыса.

Байқамай кенеттен оятып аларсың,

Тәтті ұйықтап жатқанда,

Сөйтіп, бір пәлеге қаларсың.

Есепті еске сап,

Мектепті сағынып ақтаңда,

Сондықтан сен тіптен тәуекел етпегін,

Солардан дем алғын өзің де.

Шомылып сурет салғайсың,

Жағажай армансыз дем алып алғайсың.

Портфельден жыраққа оқысаң сан сырға қанасың,

Олардың күшігін, мысығын сияқты

Қалғаны бұрынғы бетінде

Тым жақсы.

Қыркүйек алғашқы. Сабаққа олармен барасың,

Бестікті олжалап талайын аласың.



Елена Игнатовская

Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов