26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл






Еуразия көшпелілері бірнеше мың жылдық тарихи жолдан өтіп, әртүрлі мемлекеттік құрылым туғызып барып, қазақ хандығын анықтады. Қазақ мемлекеті үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта және Кіші жүзден тұратындығы да шындық. Қазақ хандығына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұдан бұрынғы кезде қазақтардың мемлекеттілігі болмағаны туралы алуан түрлі сынсық пікірлерге елеулі түрде тосқауыл қою қажет », - деп көрсетілген болатын.

Биыл 2015жыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасымен Республикамызда кеңінен аталып өтілуде.

Төл тарихымызға жүгінсек, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылу тарихы тереңде жатыр XV ғасырда өмір сүрген тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи - Рашиди » атты еңбегінде Жошыдан тараған Ақ Орданың билеушісі Ұрысханның ұрпақтары 1459 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар 200 мың адаммен Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Батыс Жетісудағы Шу өңіріне Моғолстан ханы Есен – Бұқамен келісіп қоныстанады. Араға уақыт салмай 1465 – 1466 жылдары осы өңірдегі Қозыбасы деген жерде барлық қазақ ру – тайпаларының басын қосып, біртұтас Қазақ хандығын құрып, саяси экономикалық және әлеуметтік даму жолына түседі.

Бірақ халқымыздың өткен тарихына аз да болса да көз жүгіртсек, Қазақ хандығының алғашқы хандары Керей мен Жәнібектен соңғы ханы Кенесарыға дейін алаш жұрты саяси – әлеуметтік, экономикалық күш қуаты жағынан әлем таныған іргелі мемлекет дәрежесіне жетуде қаншама қиыншылықтарды басынан кешірді.

«Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі» демекші, әрбір қазақ ханы елі үшін атқарған істері тарихымызда алатын орны ерекше. 1469 – 70 жылдары Керей мен Жәнібек бастаған қазақ жасақтары ата – бабаларынан мұра боп қалған Дешті Қыпшақ даласы үшін күресті. Ойрат тайпаларының шапқыншылықтарына тойтарыс бере отырып, Сыр бойы қалалары үшін Әбілқайырдың ұрпағы Мұхаммед Шайбанимен, Орта Азия билеушілерімен соғыс жүргізді. Қазақ хандығының жер аумағы кеңейіп, Орталық Қазақстан , Батыс Жетісу аумағын, Солтүстік Арал бойы, Сырдарияның төменгі ағысын қосса, XVI ғасырдың басы Жәнібектің баласы Қасым да қазақ жерін кеңейтіп, хандықты әлем таныған іргелі мемлекетке айналдырды. 1 милион халқымен, 300 мың әскерімен Еуропа елдеріне атағы жайылды. Алғаш «Қасқа жол» атты заңдар жинағын шығарды.

Қазақ Ордасын ұзақ жылдар билеген Хақназар, Тәуекел, Есім хандар тұсында қазақ хандығының күш қуаты бұрынғыдан артып, толыға түсті. XVI ғасырдың соңы Тәуекел Өзбек ханы Абдоллахты жеңіп, Сыр бойы қалаларын толық қазақ хандығына қосты. Орыс елімен дипломатиялық қатынас орнатуға ұмтылды. Майдан даласында қалмақтарды жеңіп, «қазақ - қалмақ» ханы атанады. Оған тарихшы Құсыман Игісін жоғары баға береді: «Көреген саясатшы, ұлы қолбасшы Тәуекел ханның басшылығымен жүргізілген 15 жыл бойы ауыр күрес, даңқты жеңіс нәтижесінде Қазақ Ордасы халықаралық деңгейге көтеріліп, қазақ халқын ұлы арнаға көтерді.»

XVI ғасырдың 20 – 50 жылдары Қазақ хандығында «аласапыран кезеңінде» қазақ жұртының Тахир, Момыш, Бұйдаш хандардың осалдығынан негізгі жер аумағынан айырылып, мемлекетінің әл – қуаты әлсірейді. 1538 – 1580 жылдары билікке келген Қасымның ұлы Хақназар хандықты қайтадан нығайтып, дұшпандарына соққы беріп, күшті мемлекетке айналдырады. Батыста ноғайларды өзіне қаратып, қазақ еліне қосады. Хақназар тұсында кең – байтақ қазақ жерін экономикалық, саяси жағынан басқару тиімділігі үшін Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз боп бөлінеді.

XVI ғасырдың алғашқы жартысында Есім хан ойраттардың қазақ жеріне шапқыншылығын тойтарып, Түркістан шаһарын Қазақ хандығының астанасына айналдырды. Хандықты әділ билеу үшін «Есім ханның ескі жолы» атты заңдар жинағын шығарды. Хандықты қақ жарғысы келген Ташкент билеушісі өз жақыны Тұрсынханды биліктен тайдырды.

Әрқашан алаш жұрты батыр ұлдарының ерліктерін мақтан етіп, биікке көтеріп отырған.

Соның бірі – Салқам атанған Жәңгірхан еді. Оның барлық өмірі майдан даласында ат үстінде өткен. Елін, жерін ойраттардан қорғап, халқының тыныштығын сақтаған.

1643 жылы Орбұлақ шайқасында 600 жасағымен жоңғардың 50 мың әскерін жеңіп, оған « әскери стратег» деген баға беріледі. Тәуекел хан сияқты ол да ұрыс даласында қаза табады.

XVI ғасырлардың соңы мен XVII ғасырдың басында жоңғарлардың шапқыншылығына әрдайым тойтарыс бере отырып, тыныштық сақтап, еліне «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» орнатып, ақылдылығымен, көрегендігімен халқынан «Әз» деген атауға ие болған Әз – Тәуке ханға тарихшы ғалымдар зор баға береді. Қасымхан, Есімхан ата – бабаларының ел билеудегі құқықтық сара жолды жалғастырады. Төле би, Қазбек би, Әйтеке билермен ақылдасып, «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарды. Ақылы асқан Әз Тәуке хан бұл дүниеден өтер кезде, «Қазақтың ұраны бірлік» деп көзін жұмған екен.

1771-1781 жылдары хан тағына отырған Абылай хан жоңғарларды толық жеңіп, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап, қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде көрсете білді. Барлық мәселені дипломатиялық қатынас арқылы шешті. Ресей мен Қытай елдерімен терезесі тең саясат ұстанды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Абылай хан туралы терең ой тастайды: «Аблай хан алаш жұртының мандайына біткен ірі тұлға. Оның салиқалы саясаты Қазақ хандығын биік белестерге қол жеткізуге қадам жасалды».

Абылай бабасының тәуелсіздік жолындағы сара жолын Кенесары Қасымұлы жалғастырады. 1837 – 1847 жылдары Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы ұлт – азаттық күреске шығады. 1841 жылы қыркүйекте үш жүздің өкілдері Кенесарыны хан сайлайды. Қазақ хандығы қалпына келтірілді. XIX ғасырда орыс зерттеушісі Л.Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» - деп жазды.

Бүгінде Керей мен Жәнібек бабаларымыздың қалаған Қазақ мемлекетінің іргесін бекітіп, туын биікке ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегін ерекше атап өтуіміз керек.

Сөзімнің соңында біз өсіп келе жатқан өскелен ұрпақ ата – бабаларымыздың игі жолдарын жалғастыра отырып, тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ету.

Бектурсинов Нұрсұлтан Дулатұлы