Оқушыларға
Бірнеше тіл білген артық етпейді
Қазіргі жаһандану заманында білім саласында көп тілді меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып, соған жан-жақты назар аударылуда.Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын.Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ тілі-мемелекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі»деп баса айтқан болатын.Сонымен бірге Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»-дегенді баса атап айтты. Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.
Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз.
Орыс тілі мен ағылшын тілі мектеп қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытылады. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, мұғалімдер оқушылардың еркін сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеде оқытылып шығуларына баса назар аударғаны жөн. Бұл шараның іске асуы, нәтижелі болуы барлық жағдайдың жасалуын қажет етеді. Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен, саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің ерекшелігі де осы.
Сабақтан тыс шараларда, факультативтерде, үйірмелерде үш тілді бірдей қолдану тілді білуді әрі қолдануды қажет етеді. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына жағдай жасайды. Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Үштілді білім беру бағдарламасы жоспарлы түрде жүргізіліп, мектепте өткізілетін түрлі іс-шараларда, пән апталықтарында, сыныптан тыс іс-шараларда көрініс табуда.
Бұл жұмыс қашықтықтан оқыту форматына көшкен кезде де жалғасып жатыр.
Мектептің дарынды оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілетін түрлі олимпиадаларға, білім сайыстарына белсене қатысуда. Қазан айында 2-4 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Funny English» қашықтық олимпиадасында мектебіміздің 2 сынып оқушысы Юн Диас ІІ орынға, 4 сынып оқушылары Бергенова А, Манат Д, Ордабаева А, Шалдыбаева М – ІІІ орынға ие болды. «Дарын» Республикалық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға ағылшын тілінен мектепішілік деңгейде Кайникешова Маржан қатысып ІІ орынға, 5 сынып оқушысы Бүркітбай А І орынға ие болып, екінші қалалық деңгейге жолдама алды. «Время знаний» бүкілресейлік пән олимпиадасына ағылшын тілінен 5 сынып оқушысы Бүркітбай Аслан қатысып, І орын дипломына ие болды Бұл тек қазан , қараша айларында болған сайыстар ғана. Әлі талай сайыстар, білім додалары болары сөзсіз.
Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі Жолдыбаева С.М