22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Киімдер туралы жұмбақтар






Ерте тұрдым, алып ұрдым.
(Етік)

Ашамайды арта салдым,
Айыр жібін тарта салдым.
(Тымақ)

Төрттен қосқан басы бар,
Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Салпылдайды сабағы.
(Тымақ)

Бір нәрсе менен биік,
Кейде менен аласа.
Мұндай қызық дүниеде,
Көріп пе едің тамаша.
(Бөрік)

Күндіз төбеңе шығады,
Түнде шегеге шығады.
(Бөрік)

Маңдайы бар тілі жоқ,
Құлағы бар үні жоқ.
(Құлақшын)

Сұлу –сұлу құнаным,
Сылдырлаған жүгенім.
Аяз күнде мінбеген,
Аяғы жерге тимеген.
(Сәукеле)

Таңертең тұрдым,
Екі сайды құдым.
(Шалбар)

Бес ін, бес інің
Аузы бір ін.
(Қолғап)

Түзде адымдайды,
Үйде дамылдайды,
Дәлізге жұрт тастайды
Төрге аяқ баспайды.
(Сыртқа киетін аяқ киім)

Тастамайды белінен,
Балалардың көбі оны
Күресуден теңімен,
Кім қашады дегені.
(Белбеу)

Іші – егіс
Сырты – тегіс.
(Тон)

Дорбаға тығып бас жағын,
Байлай салдым қос жағын.
(Тымақ)

Адамның сәгі,
Онсыз мәні жоқ.
(Киім)

Қара құрым жайлы өзі кигенінде,
Іздері жоқ біздің де, түйменің де.
(Пима)

Ортасы күмбез,
Іргесі тегіс – ті.
Күннен қорғайды,
Шыңдағы егісті.
(Қалпақ)

Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген.
Етегі желкеңдей.
Киім еді ол нендей?
(Кимешек)

Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге.
(Сәукеле)

Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ.
(Көйлек)

Күндіз
Таяғымды қаптаймын,
Түнде
Босағаға тастаймын.
(Аяқ киім)

Судан ғайып,
Әжемде бар,
Қос қайық.
(Кебіс)

Қаз – қатар тегісі бар,
Қақпақсыз есігі бар.
Көмейінде тілі бар,
Аузын буар жібі бар,
Кеме сынды пошымы,
Білсең айтшы, осыны?
(Бәтеңке)

Есігі біреу,
Бөлмесі бесеу.
(Қолғап)
Киімдегі қуыс,
Ұсақ – түйекке ыдыс.
(Қалта)

Дөңгелек өзі,
Төртеу көзі.
Ұстайды мықтап,
Тұрғанды сырттап.
(Түйме)

Көсеуді бесеуге тықтым.
(Қолғап)

Гүлдері бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркім ұмтылған,
Киім киер оңтайлы.
(Мата)

Адамдардың киімін,
Ұстап тұрар иығым.
(Киім ілгіш)

Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:

Сайттағы барлық жұмбақтар

Cуретті жұмбақтар

Логикалық жұмбақтар

Метаграммалар

Алфавит, әріптер жұмбақтар

Жануарлар мен құстар