Оқушыларға
Құстар туралы жұмбақтар
Қоңыр мамық шапаны,
Жұқа жарғақ табаны.
Өр кеудесі қайқандап,
Жүретін кім байпаңдап?
(Қаз)
Үлпілдеген жүні бар,
Бояудың мың түрі бар,
Қауырсыны құбылар.
Қара доғал еңкиген,
Тұмсығы бар дөңкиген.
Қара мына ғажапқа,
Өзі шебер мазаққа.
Таңдандырып өзіңді,
Қайталар кім сөзіңді?
(Тоты)
Сирағы ұқсас қамысқа,
Мойыны имек сорайған,
Қауқиған кім алыста
Қарақшыдай қарайған?
(Тырна)
Айдыннан шалқыған
Телпек көрдім қалқыған.
(Үйрек)
Бақ та, бау да, орман да,
Естіртіп үнін бар маңға,
Жұрт тыңдайтын тамсанып,
Сан құбылтып ән салып,
Жататұғын бір тынбай,
Құсты аташы құртымдай?
(Бұлбұл)
Қанат қағып шарықтап,
Мұхит асыпқалықтап,
Шарлап бүкіл әлемді,
Шаттандырып әр елді
Бейбіт күнге сән болған,
Бұл қандай құс ән болған?
(Көгершін)
Қанаты жапырақ,
Көздері бадырақ,
Үрген ішек бейнесі,
Торсылдақ кеудесі,
Ұшпайтын ұзаққа,
Ойыншық ұшаққа
Ұқсайтын пішіні,
Бұл кімнің мүсіні?
(Инелік)
Гүлді алаңның қонағы,
Өзі қалап қонады.
Түрі, түсі дөп келіп,
Гүлге ұқсап қалады.
Гүлдің тәтті шырынын
Құмартып кім сорады?
(Көбелек)
Суылдатып қанатын,
Жемін көрсе құлдилап,
Кеудесімен соғатын,
Тұяғымен ілетін,
Кім бар кәне, балалар,
Ұшқыр құсты білетін?
(Лашын)
Тырнағы үшкір діңгектей,
Тұмсығы имек ілгектей,
Қанатын жайып шүйілсе,
Аң-құс қалар бүлк етпей.
(Бүркіт)
Құс көрдім тырна сияқты,
Сидиған ұзын сирақты.
Шалшықтан бақа ұстауға
Қимылы ерен, ширақты.
(Ләйлек)
Тұмсығымен қашайды,
Дімкес діңді теседі.
Зиянкесті асайды,
Ағаш таза өседі.
(Тоқылдақ)
Шекесінде айдры
Болғанмен, жоқ айбары.
Балапанмен, жоқ айбары.
Балапанын бақпайды
Үй-жайында жатпайды.
Өзінің аты тек айтары қайталап,
Мұны кім, кәне айта алады?
(Көкек)
Таусылмайтын жылуы,
Көлдің ерке сұлуы.
(Аққу)
Ит қуса да арсаңдап,
Аяғын басар алшаңдап.
(Қаз)
Кешінде де
Керек емес жарық бір,
Неге десең,
Екі көзі жайнап тұр.
(Үкі)
Орақ құйрық, тарақ бас,
Көп ұйқыны жаратпас.
(Әтеш)
Шатырсыз үйге құштар көп,
Қонақтар әр тұстан кеп.
(Құстар ұясы)
Сирағы ұзын, мүйізі қысқа
Бұл өзі аң ба, құс па?
(Жираф)
Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.
(Қараторғай)
Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
(Жұмыртқа)
Сөйлесе – сөзді,
Айтса – ауызды.
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.
(Тотықұс)
Көк жүзінде жылжып жай,
Керуен құрған түзіліп,
Ілгек-ілгек шынжырдй,
Қалмайды олар үзіліп.
(Тырна)
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы.
(Бұлбұл)
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйргі.
(Қарлығаш)
Көктемде келіп, күзде кетеді,
Жаздай бауда әндетеді.
(Жыл құстары)
Талдың басында,
Жемі бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы.
(Құс ұясы)
Қызыл, бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ацық-ацық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.
(Қораз)
Кеудесі қайқандап,
Жүреді балпаңдап.
(Қаз)
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.
(Қарлығаш)
Әдемі бір ырғақ
аспаннан шалқып тұр.
(Бозторғай)
Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді.
(Шағала)
Қалқан құлақ,
Қанаты бар шатырдай.
Жардан жырақ,
Түнде ұшады батырдай.
(Жарқанат)
Маңдайы ақ қасқа,
Ақ жері жоқ басқа.
(Қасқалдақ)
Сазды жер мекені,
Құрт – құмырсқа қорегі.
Кереметтей өнері,
Қанаттан үн береді.
(Тауқұдірет)
Бес грамм салмағы,
Тұмсығы қармақ.
Қыраннан қалмайды,
Биікке ұшса самғап.
(Королек)
Айдары шағын,
Қаракүрең сауыры
Аппақ қардай бауыры.
(Қызғыш)
Бояуы сан түрлі,
Түрі ұқсас тауыққа.
(Бұлдырық)
Қауырсыны көгілдір,
Кішкене құс.
Беткейде өріп жүр.
(Кекілік)
Шашы жоқ,
Тарағы бар.
Егіні жоқ,
Орағы бар.
(Қораз)
Секектеп бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды.
(Сауысқан)
Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып – қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там – тұмдап.
(Қарға)
Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:
Сайттағы барлық жұмбақтар
Cуретті жұмбақтар
Логикалық жұмбақтар
Метаграммалар
Алфавит, әріптер жұмбақтар
Жануарлар мен құстар