22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтар








*** *** *** ***

«Не деген жайсаң ел еді!»
Әлемнің дейді бас иіп.
Кеңесі – мәйек, келелі,
Айтқанын тыңдар дос ұйып.

Болмасқа солай қақы не,
Тегіміз текті – Көкбөрі.
Сабырлы, салқын ақыл ие,
Бекзатты халқым, бектерім.

«Не деген байтақ жер еді!»
Әлемің десе таңдана.
Сатпайды жатқа тек елі,
Ұраны Мөде – маң дала.

«Не деген жомарт!» десеңдер,
Біздерде талай Атымтай.
Сыйыңа сый келсеңдер,
Адамдық арға салтым сай.

Талантты десең, елжіре,
Дарынын берген Тәңірім.
Күйлері – тарих, щежіре,
Орындау Тәңір өмірін.

Иманды десең діні де,
Тыңдаған айдан Құранын.
Өрелі өрлеу ілгері
Көрсетер әлі ұланым.

Әуезді десең тілдері,
Тыңдаған сөзін Үш Бидің.
Жаныңа дауа, кіл дәрі,
Рухтанып содан күш жидым.

Кім десең енді қазағым,
Шындығы қазір аңыздай.
Таныды әлем ғажабын,
Білікті жас та, абыз да.

Фараби сынды ұлы бар,
Қалайша біздер ұсақпыз?!
Тұлғалар талай табылар,
Келеміз текті ұстап біз.

Шынықтық, көрмей үгіліп,
Тамырдан алып тереңдік.
Үмітке жүрдік жүгініп,
Сенімнің жолы – ерендік.

Қандай ел десең қазағым,
Ойы – мұхит, тілі – бал.
Көңілі дархан, базарлы,
Жан дүниесін біліп ал.

*** *** *** ***

Қуан, жұртым
Елдігіңді шет елдер мойындады,
Сан армандар іске асты ойыңдағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың-дағы.
Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп,
Азаматтар ақтады сеніміңді
Талай істе танытты кемеңгерлік.