22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Ұстаз - ұлы есім






«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» демекші Ыбырай Алтынсарин,расыменде мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін,оқытып үйрететін мейірімді жандар.Қоғам қайраткері,ағартушы-ғалым А.Байтұрсынұлы «мұғалім-мектептін жаны» деп бағалаған.Осыдан-ақ,ұстаз деген –ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады.Себебі,ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек.Мұғалім-мақтан тұтар мамандық.Мұғалімдерді құрметтеу бұл біздің яғни шәкірттердің парызы.Мұғалімге деген ықыласымызды Қостомар ауылының орта мектебіндегі 3-ші қазан күні өткен іс-шарада яғни, мұғалімдердің төл мерекесін де көрсете білдік деген сенімдемін.Сынып болып барлығымыз,яғни 11 сынып атынан бір жұдырақтай жұмыла іске кірістік.Көптеген қызықты сәттер болды дайындықта.Мұғалімдерді қуантып,марқайту басты мақсатымыз болды және де ол өз деттегеніне жетті деген сенімдеміз.Осы іс-шараның барысы бірлігіміздің нәтижесін айқындай білді.Мұғалімдердің көзіндегі қуаныш еңбегіміздің зая кетпегенін көрсете білді.Мен өз мұғалімдерімді мақтан тұтып құрметтеймін.Ұстаздарға деген алғысым сарқылмас асудай шексіз.Сол кісілерге қарап мұғалім болуға деген ынтам күн өткен сайын арта түсуде.Бұл әрине Қостомар ауылының мұғалімдерінің жемісі деп білемін.Тобықтай сөздің түйінің ұстазға деген өлеңіммен аяқтағым келеді:

Ұлағатты,мейірімді ұстазым,
Көрсеткен өнегеңізді ұстандым.
Білімімді жетелеуге себеп болған,
Үміт артқан шәкіртініз мен болам

Сіздің берген маған шіркін ақылыңыз,
Әрбір айтқан дана сөз нақылыныз.
Сіздей жанға Ардақты ұстазымыз,
Бізден сізге жаудырар алғысымыз.

Бейненізде жылулық нұры төгілген,
Амандық түледім сізге көгімнен.
Әрқашан да күлімденіз шаттаныныз,
Әрқашан да ашық болсын бағыныз.

Габпар Гүлхан