Оқушыларға
Балдырғандар сөздігі
Бір әріптен тұратын сөздер
И — теріні жібітетін ашытқы
И — етістік: ағашты, темірді ию
У — зәр, ащы
Екі әріптен тұратын сөздер
Ай — жер серігі
Аз — кем, шамалы
Ақ — түр, түс
Ақ — адал, таза, пәк
Ал — етістік: бір нәрсені алу
Ар — намыс
Ас — тағам, дәм
Ас — етістік: белден, таудан асу, ет асу
Ат — адамның аты, есім
Ат — жылқы
Ат — етістік: мылтық ату
Ау — балық, құс аулайтын тор
Аш — қарны ашқан адам
Аш — етістік: есік ашу, терезе ашу
Аю — тағы аң
Ая — алақанның аясы
Ая — етістік, біреуді, малды аяу
Әз — үлкен, ақылды, дана
Әк — утас
Әл — күш, қуат
Ән — әуен, мақам
Би — билеу өнері
Би — әкім, төре
Бу — судың буы
Бу — етістік: бірнәрсені буу
Гу — шу, үн
Ду — ызың, шу
Ел — халық, жұрт
Ек — егін егу
Ен — таңба, белгі
Ер — еркек, ұл бала
Ер — аттың ері
Ер — етістік: біреуге еру
Ес — ой, сана, жады
Ес — жіп есу
Ет — малдың еті
Ит — адамға дос жануар
Же — етістік: тамақ жеу,
Жи — етістік: төсек жинау
Жу — етістік: бет жуу, кір жуу
Зу — дыбыс, үн
Қи — малдың қиы, тезек
Қи — етістік: бір нәрсені қию
Ки — етістік: киім кию
Қу — аққу
Қу — кепкен шөп, қамыс
Қу — өтірікші, зымиян, арам
Қу — етістік: қыз қуу, шыбын қуу
Ми — бастың миы, ақыл
Ой — ақыл, ес
Ой — етістік: мұзды ою
Оқ — мылтықтың оғы
Ор — шұңқыр, жыра
Ор — етістік: шөп ору
От — от жағу
От — шалған шөп
Оң — оң қол, жақсы іс
Ою — өрнек, бедер
Өң — түр, түс, ажар
Өр — биік, қия
Өр — етістік: шаш өру, қамшы өру
Өт — адамның, малдың өті
Өш — қас, жау
Ру — ел, ата-тек
Су — өзен, көл, теңіз
Ту — жалау, байрақ
Ұн — бидайдың ұны
Үн — дыбыс
Ыс — түтін
Іс — жұмыс
Іш — адамның, малдың іші
Ши — шырпы өсімдік
Шу — айқай-шу