Оқушыларға
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және бағытталған» делінген.
Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық процесс. Дененің дамуы- тәрбиенің және біздің қоршаған ішкі,сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі- еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына ауысуы болып табылады.
Дене тәрбиесі - адамның күш жігер қабілетін дамыту және денсаулығын жақсарту. Дене шынықтыруға дене тәрбиесі, арнаулы ғылыми білім, спорттағы табыстар жүйесі енеді. Дене шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасы, демалыс пен еңбектің дұрыс тәртібін, сондай-ақ денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін күн мен ауаны, суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.Дене тәрбиесі туралы ілім - жалпы дене мүшелерінің дамуы туралы жинақталған білім жүйесі. Дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы жөніндегі заңдылықтарды, дене жаттығулары мен тактикалық қимылдарды орындау тәсілдері, оның ережелері туралы білім негізі мен әдістемелік нұсқауларды меңгермей, дене тәрбиесімен айналысу мүмкін емес. Бұл заңдылықтарды тосын жағдайларда қолдана білу үшін де білім қажет. Сондай-ақ ұжымдық қарым-қатынас нормалары мен дене шынықтыру қызметінің қоғамдық маңызы туралы ілімді білмейінші дұрыс шешім қабылдау мүмкін емес.
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Олар мынандай түрлерге бөлінеді; 1) таңертеңгілік жаттығу, 2) қимыл – қозғалыс
ойындары және спорт ойындарының элементі бар ойындар,
3) спорттық жаттығулар, 4) қарапайым туризм. Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрестелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Орта топты үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі.
Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты – қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл – қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді. Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сйымдылығын арттыруға сабепші болады. Балалардың тыныс алу жиілігі тұрақты емес, тез бұзылады. Сондықтан жаттығулар тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілетін арттыруға көмектеседі. Көбіне балаларды мұрын арқылы тыныс алуға үйрету керек. Ауызбен демалғанда салқын ауамен бала ауырып қалуы немесе микроб кетуі мүмкін. Дене шынықтырумен айналысу барысында баланың бүкіл денесі өсіп дамиды және жаттықтырылады.Білім беру міндеттері – қозғалыс іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, дененің сапалық қасиеттерін дамыту, денесін тік ұстау және гигиена дағдыларын үйрету, кәсіптік білім беру.Дене шынықтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру арқылы қимыл – қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы, әсемдігі, мәнерлігі, киімі айнала қоршаған ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қабілеті дамиды, жеңіл, әрі сенімді болады.
Жандос Қайратович