22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Дода






29-30 Наурыз күндері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Журналистика мамандығы бойынша Х Республикалық пән олимпиадасы өтіп жатыр. Екі күнге созылатын білім бәсекесінде елімізде журналист мамандарын даярлайтын 16 жоғарғы оқу орнынан 48 студент қатысып, өзара бақ сынауда.
Бұл дүбірлі бәсекеге Алматы, Астана, Тараз, Түркістан, Атырау, Семей, Петропавл, Қызылорда сынды Қазақстанның әр аймағынан келген қатысушыларды ұйымдастырушылар жылы шыраймен қарсы алды.
Додаға түсушілер олимпиаданың алғашқы күнінде Қарағанды шаһарының сұлу жерлерін аралады. Сонымен қатар Қарағанды Мемлекеттік Университетінің ішкі мұражайымен танысып, рухани азық жинады. Бірінші күннің қорытындысы ретінде ректорлық кешкі ас ұйымдастырылды.
Білікті журналисттерден құралған қазылар алқасы таныстыру, эссе жазу, тест шешу және ақпарат жариялау бойынша әділ төрешілік жүргізуде. X Республикалық піндік олимпиада ҚарМУ тарихында мәңгілік орын алатын дүбірлі дода.