Оқушыларға
Топиарий
Астана қаласы, «Алтын дән» балабақшасы МКҚК
«Ақ көбелек» ересектер тобы
Тәрбиеші: Султангалиева Гульзат Назаралиевна
Мастер-класс
Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын толықтыру арқылы қиялын дамыту.
Өз қолымызбен топиарийды жасаудың мынадай шарттары бар, яғни үйдің ішін осы топиарий арқылы безендіруге болады. Топиарийді бақыт әкелетін ағаш деп айтуға болады. Топиарийдің пішіні дөңгелек шар түрінде болады. Ерте заманда осы дөңгелек шарды - күн сәулесі сияқты барша әлемді қамтиды дегендей, топиарийдің тамыры шығыстан - батысқа дейін бақыт әкеледі деген. Топиарийді әртүрлі заттардан, табиғи материалдардан жасайды. Мысалы: шыбықтан, теңіз ракушкаларынан, жаңғақтан, жапырақтан, сабандардан, кофе дәндерінен,конфеттен, лентадан, тоқыма жіптен, қағаздан, пластмаса гүлдерден, мата, шнурдан, түрлі-түсті жұмсақ қағаз майлықтардан жасауға болады.
Топиарийдың шарын умаждап жыртылған газет қағазын алып домалақ пішін жасай отырып жіппен орау тәсілі арқылы дөңгелек шар жасайды.
Жасау әдісі төмендегі суретте көрсетілген.
.
Топиарийдың басты пішіні дөңгелек. Дөңгелек шарды дүкендерден сатып алуға болады. Олар пенопластан жасалған шарлар. Пенопластан жасалған шарлар басқа материалдарға қарағанда қатты болып келеді.
Шар жасау үшін басқада материалдарды пайдалануға болады.
1. Балалар ойнайтын жұмсақ доптар.
2. Теннис доптары.
3. Папье-маше әдісін қолданып шар жасау.
4. Пластмассовый шар және балалар кубиктары т,б.
Гүлді бақыт ағашы 6 жастағы балаларға үйретіп жасауға болады. Ағашты жұмсақ әр түсті қағаз майлықтардан жасалады. Балаларды ерте жастан шеберлікке үйретеді.
«Күнбағыс тұқымы» мектеп жасындағы балалармен қосымша жасалатын жұмыс. Қол өнер үйірмелерінде балалар шығармашылығын дамытады.
Топиарийдың мақсаты: Балалардың шығармашылық шеберлігін арыттыру.
«Бақыт» ағаштарын, силық ретінде қолданады.
Кофе дәндерінен жасалған топиарий
Жаңа жыл шыршасын топиарий ретінде жасауға болады. Оған мысалы шыршаға ілетін жылтырақ ақ түсті мешурадан, ойыншықтардан жасауға болады.