22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Жаңа формация мұғалімі






Есенғалиева Гүлмира Едігеқызы,

Атырау облысы, Атырау қаласы,

А.С.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Бүгінгі жастар – «Мәңгілік елдің» болашағы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Осы жолдауда «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген. Ал оны жүзеге асыратын – ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.

Жаңа форматтағы мұғалім кім? Менің ойымша, қазіргі кезде барша ұстаз қауымы жаңа форматта болуы міндетті. Себебі мына жылдам дамып келе жатқан заманда білім алып жатқан ұрпаққа сапалы да саналы, жаңа форматта білім беру үшін өзіміз де заман талабына сай барлық жаңа технологиялармен қаруланған болуымыз керек. Мұғалім мамандығын таңдап, еңбек еткеніме 9 жыл өтіпті. Осы жыл аралығында оқушылармен жұмыс жасай отырып, өзім де ізденіп, білімімді шыңдап келемін. Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян. Бүгінгі сабақты өткізген соң, ертеңгі сабаққа тың ой, жаңа идея, өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек. Қазіргі таңдағы ұстазға деген талап жан-жақтылықты қажет етеді. Ал осы талапқа сай болып, білімді де білікті, жаңа форматтағы ұстаз атану үшін мұғалімдер дамылсыз білімін шыңдап отыруы қажет деп білемін. Қазіргі кездегі дамыған елдің қатарына қосылу үшін мұғалімдердің Кембридж тәсілі бойынша деңгейлік курстан өтуі басты назарға алынып отыр. Елбасымыздың саясатының арқасында қаншама мұғалім аталмыш курстан өтіп, жаңа форматтағы мұғалім атанып жүрген жайы бар. Әрине ол ұстаздардың қатарында мен де жүрмін. Менің оқуды аяқтағаныма біршама уақыт өтпесе де, дәстүрлі білім беруді дәріптей алмас едім. Себебі дәстүрлі білім беру кезінде мұғалімдер қауымы оқулық та, мұғалім де, оқушы да болатын еді. Ал енді сындарлы оқытуда мұғалім тек бақылаушы, бағыттаушы ғана болуы керек. Әрине алғашқыда қорқыныш болды. Себебі мен төмен сыныптарға яғни бастауыш сынып оқушыларына сабақ беремін. Тілдері бала тілімен сөйлейтін болғандықтан, өздері білім алуда, өздерін бағалауда, бір – бірін оқытуда, топпен жұмыс жасатуда күтілетін нәтижеге қол жеткізе алмаймын деп ойлаған едім. Бірақ біздің дамып жатқан заманда өсіп келе жатқан ұрпағымыздың ой – санасы туралы пікіріміз дұрыс емес екен. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауының дамығаны соншалықты, өзіміз ойламаған нәрселерді айтып, күтілген нәтижеден де жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрдім. Қазіргі кезде сындарлы оқыту бойынша оқушыларға білім беріп келемін. Сындарлы оқытудың оқушы мен мұғалімге берері мол. Оқушы өз ойын еркін жеткізіп, сұрақ құрып, сөйлеу тілі дамып, достары арасындағы ынтымақтастығы артса, ал мұғалім оқушыларға көпірше болу арқылы тек бағыт – бағдар бере алады. Бүгінгі сабағына кері байланыс алып, ертеңгі сабақты дұрыс, оқушыға қызықты етіп жоспарлауға мүмкіндік жасалған. Сындарлы оқытудың ең басты талабы: жоспарды дұрыс құру, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін дұрыс жоспарлау. Жоспар құруда SMART жүйесіне сүйене құруға назар аударылады. «Жаңа форматтағы мұғалім» нақты нәрсеге қол жеткізу қажет, мақсатқа жеттік деп айта алатындай болу керек, қолжетімді, яғни іс-әрекетке негізделген, себебі нақтылы қандай іс – әрекет өзімізге қажет беретінін түсінуіміз қажет. Сонымен қатар шындыққа негізделген, яғни қойылған мақсатқа жете алатындай, нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асыратын орынды құралдары болу керек. Құрылған жоспар нақтылы, қолжетімді, шындыққа негізделген болса, сабағымыз да осы сарында өтпек. Ал сабақтың жемісті өтуі – әрбір мұғалім үшін үлкен жеңіс деп білемін.

«Мәңгілік елдің» болашақ жастарын тәрбиелеуде жаңа сарында білім беру әрбір ұстаздың борышы деп білемін. Оқушыларға сапалы да саналы білім беруде алдымызға жан салмай еңбек етейік, құрметті ұстаздар қауымы! Себебі еліміздің болашағы осы жастардың қолында.