Оқушыларға
Тегіне септік жалғауларының жалғануы
Тегіне септік жалғауларының жалғануы Ресми құжаттарда атын, әкесінің атын, тегін мемлекеттік тілде толық ресімдеу кезінде септік жалғау субъектінің тек тегіне ғана жалғанады, аты мен әкесінің аты тегінің алдында атау септікте (кез-келген құжаттың мәтінінде) қолданылады. Мысалы, қызметтік хатта: Қызметкерлерді басқару бөлімінің маманы Елена Николаевна Перованы Астана қаласындағы «Сенім» АҚ филиалына тоқсандық есеп құрастыруда тәжірибелік көмек көрсету мақсатында 2010 жылғы 12-16 тамыз аралығында 5 күнге қызметтік іссапарға жіберуіңізді сұраймын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі кеңсесі басшысының 2005 жылғы 3 қазандағы №536 «Құжаттарды дайындау кезінде терминдер мен сөз тіркестерін қолданып, әртүрлі атауларды жазудағы қысқаша анықтамалығының» 24-бабында: орыс тіліндегі құжаттарда «... қатаң немесе жіңішке дыбыстармен аяқталатын, әйел азаматшалардың тегі септелмейді» деп көрсетілген. Мысалы: Мария Озолинг – Марии Озолинг, Елена Коломиец – Елены Коломиец. А-жалғауының алдында дауысты и қарпі болатын тектер де септелмейді. Мысалы: Гарсиа, Гулиа. Екпінді дауыстылар а, -я, қаріптерімен аяқталатын славяндық емес тектер де есептелмейді. Мысалы: Дюма, Золя. -аго, -яго, -ово, -их, -ых, -ях, -ко аяқталатын тектер де септелмейді. Мысалы: Семаго, Седых, Гладких, Петренко. Қазақ тіліндегі мәтіндерде осы тектердің бәрі септеледі: Мария Озолингке, Елена Коломиецке, Гарсиаға, Гулиаға, Дюмаға, Золяға, Семагоға, Седыхқа, Гладкихқа, Петренкоға. Қазақ, славян немесе өзге ұлттардың тектеріне септік жалғаудың жіңішке немесе қатаң түрлерін жалғауды таңдау кезінде, сөздің соңғы дауысты буынына бағдарлану қажет. Егер жіңішке дауыстылар болса («ә», «ө», «і», «ү», «е»), онда жіңішке жалғау жалғанады, мысалы: Зверевке. Егер соңғы буында жуан дауыстылар болса «а», «о», «ы», «ұ», онда жуан дауысты жалғау жалғанады, мысалы: Копыловқа. Дауысты «и», «у» жіңішке және жуан болуы да мүмкін, бұл сөздегі жетекші дауыстыға байланысты. Егер сөз «ё», «э», «ю», қаріптерімен аяқталатын болса, онда жіңішке жалғаулар жалғанады, мысалы: Воробьевке. (қараңыз: С.М.Исаев. Қазақ тілі). Егер сөз «х» қарпімен аяқталатын болса, онда қатаң жалғау жалғанады, мысалы: Седыхты, Гладкихқа. Мемлекеттік тілдегі құжаттардың мәтінінде қазақ ұлты тұлғаларының аты және әкесінің аты тегінің алдында жалғаусыз қолданылады, септік жалғауы мәтіннің мәніне байланысты тек тегіне жалғанады. Мысал. Қызметкерлерді басқару бөлімінің маманы Елеукен Нартаевич Пернебаевты ... қызметтік іссапарға жіберуіңізді сұраймын. (Прошу направить в служебную командировку ... специалиста отдела управления персоналом Пернебаева Елеукена Нартаевича ...). -ов-/-ев- жұрнақтары ер адамның қазақы тегінде жіңішке немесе жуан септік жалғауларының жалғануына әсер етпейді. Септік жалғаулардың қазақ ұлты тегіне жалғануы кезінде тек түбірінің соңғы буынындағы дауысты дыбыс рөл атқарады. Яғни, «Пернебаев» тегінде «-бай» түбіріндегі соңғы дауысты «а» жуан болғандықтан, сонда «Пернебаев» тегіне «-ты» жуан жалғауы жалғанады. «Есимов» тегіне «-ті» жіңішке жалғауы жалғанады, өйткені «Есім» сөзінің түбіріндегі соңғы дауысты дыбыс «і» – жіңішке. «ТрансСтройСервис» ЖШС Директору Филиала Филиалының директоры ТОО «ТрансСтройСервис» Б.К.Есімовке Есимову Б.К. Дауысты «а» қарпімен аяқталатын ұлты қазақ әйел азаматшалардың тегін ресімдеу кезінде, әрдайым жуан жалғаулар жалғанады, өйткені дауысты «а» – жуан болып саналады. Мысал. Өкімнің орындалуын бақылау директордың орынбасары Е.Г.Баедиловаға жүктелсін (Возложить контроль исполнения распоряжения на заместителя директора Баедилову Е.Г.). «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 ақпандағы №2923 Жарлығы бойынша «Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуға тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып, бірге жазылады». Осы жарлық қазақ халқының салт-дәстүріне сәйкес «ұлы» немесе «қызы» морфемасымен жазу ұлты қазақ тұлғалардың құжаттарын ресімдеу кезінде өте қолайлы, өйткені септік жалғауы тегіне жалғанады. Мысалы: Жадыра Сәрсенбайқызына, Омар Битуғанұлына және т.с.с. Соңғы уақытта ұлты қазақ тұлғаларының тегін «ұлы», «қызы» жалғауынсыз түбір күйінде қолдану сәнге айналуда, бұл құжаттарды ресімдеу кезінде үлкен қиындықтарға соқтырады. Бұл жағдайда: азаматтың қайсысы аты, ал қайсысы тегі және қай атына септік жалғауын жалғау қажет екендегі түсініксіз. Мысалы: Бижан Нұржан. Мұның қайсысы – аты, ал қайсысы – тегі? Азаматтың атына септік жалғауын жалғау қате болады, ал осылайша жасалған құжаттың ешқандай да инстанцияларда заңдық күші болмайды, өйткені оның жеке куәлігі бойынша басқа аты тегі болып саналады. Және әйел азаматшалардың да есімдерімен құжат жасауда оңай болмайды. Яғни, кейбір аймақтарда ер азаматтардың есімдері әйел есімдерімен де аталады. Мысалы: Самал Мұрсал, Саяхат Баян және т.с.с. Осы мысалдардың қайсысында әйел, қайсысында ер адамның есімі? Мысалы: азаматшаның Т.А.Ә. «Сүлеймен Рәзия Бүркітқызы» арыз жазу кезінде: Р.Б.Сүлейменнен деп ресімделеді. Осы жазу бойынша еш нәрсе де түсінікті емес: арыз жынысы қандай тұлғадан жазылғаны белгісіз, өйткені құжатта аты және әкесінің аты инициал ретінде қолданылуда, ал толық формада септік жалғау жалғанатын тегі көрсетілген. Біздің көзқарасымыз бойынша ең оңтайлысы, (қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша) азаматтың бірінші атын, сонан соң – оның тегін қолдану болып саналады. Мысалы: Қамар Балтабайқызы немесе Сұңқар Батырбекұлы.