22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Саяхатшылар өзге елге саяхаттап барса, сол елдің дәстүрін ұстану керекпе? (География)






«Саяхатшылар өзге елге саяхаттап барса, сол елдің дәстүрін ұстану керек пе?»,-деген сұраққа жауап берместен бұрын, «саяхатшы» ұғымын ұғып алайық. Бізге мәлім, саяхатшы өзге елге сапарлап барады. Бірақ, бізге қай мақсатта келері белгісіз. Мүмкін қыдырып келсін немесе тарихты зерттеу үшін болмаса ем іздеп келсін. Әйтеуір, өз елінен өзге елге бір мақсатта келеді. Ал, саяхаттап келген елінің дәстүрін міндетті түрде ұстануы керек деген ешқандай ережелер мен заңдарда жоқ. Демек, әркімнің өз еркінде, өз ой санасында. Ол дәстүрді қалай қабылдайды, демек өз бойында сондай түсінік қалыптасады.

Бірақ, мынаған көңіл бөлгеніміз жөн. Егерде, ұстанар дәстүрің: өз тіліңе, өз дініңе, өз бас құқығыңа ешқандай кедергі, ешқандай зардабын тигізбесе, ол дәстүрді неге ұстанбасқа? Неге сол елді, сол елдің дәстүрін сыйламасқа?! Саяхаттап барған еліңнің дәстүрін ұстану-сыйластық. Бірақ, міндетті мәселе емес!

(с) Ернар ЕРГЕШ