25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Өзін–өзі тану – рухани-адамгешілік білім берудің негізі






Алматы облысы, Панфилов ауданы
Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-сінің
10 сынып оқушысы Жүнісханова Жансая
Жетекшісі: Бейсебаева Ақмарал Ерсайнқызы



Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбиеден өтеді. Ұстаз ең алғаш шәкіртіне білімнен бұрын тәрбие береді. Бұл ойыма Әбунасыр Әл-Фарабидың «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»-деп айтқан сөзі айқын дәлел бола алады. Білім беру кезінде тұлғаның үйлесімді дамуы әлемдік және ұлттық мәдениеттің үлгілерін құндылықты меңгеру арқылы ғана шешілетіні анық.


Жаңа ғасыр,жаңашыл жастар әкелген жаңалықтарға байланысты адамның тұлғалық дамуына басты назар аударылып, жас жеткіншектерге мына біздерге берілетін білім негіздері біздің жеке даралық қабілеттерімізді ашуға көмектеседі және соған қызмет етеді.

Әр баланың ішкі мүмкіндіктері мен өзіндік дарынын дамытуға әсер ететін рухани-адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының аса қажетті шарты болып табылады.

Осы тұрғыда Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. Жақсы жетістіктерге жетіп, биік шыңнан көріну үшін адам ең алдымен өзін-өзі танып, бойындағы жеке дара қабілеттері мен өз мүмкіндіктерін тани білуі қажет. Бұл туралы бағыт-бағдарды мектеп пәніне енгізілген «Өзін-өзі тану» пәні береді. Пәнді оқу арқылы біз айналамен, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау ізгіліктерін үйреніп, шығармашылық шыңына көтеріліп, өз бойымыздағы адамгершілік қасиеттеріміз бен қабілетімізді ашып, ең бастысы 5 құндылықтың (сүйіспеншілік,ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) мәнін жете түсінудеміз.

Мектебімізде жас ұрпаққа яғни біздерге рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіледі. Атап айтсақ ауыл ақсақалдарымен, еңбек ерлерімен ұлағатты ұстаздармен кездесулер, «Бәріде сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбында шаттық шеңберлері, «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» байқаулары, пікірталастар, қамқорлық, қайырымдылық акциялары, жыл сайын ақпан айында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өткізіледі.

Қорыта айтсам адам өзін толық танып білмей, биік шыңдарға шығуы,өзгені танып білуі мүмкін емес. Өзін –өзі тану-рухани – адамгешілік білім берудің негізі болып танылады.