21 Желтоқсан, Сенбі

Оқушыларға

Математикаға қатысты қызықты деректер - 1


Барлық ғылымның атасы саналатын математика 2000 жыл бойы адамзаттың көптеген сұрақтарына және түсініксіз құбылыстарға жауап табуға көмектесіп келеді.

Егер адамзаттың математикалық ашылуларына анализ жасасақ, көптеген таңғажайып ашылулар түрлі ауа райы құбылыстарын зерттеуден және шарасыз ақиқатқа көз жеткізуге талпынудан туындаған. Мұның бәріне адамзат мұқият саралау мен ақпаратты сараптау арқылы қол жеткізген.

Қазіргі уақытта математикалық ойлау адамзаттың көптеген саласында қолданысқа ие: метематикалық және статистикалық формулалар саяси зерттеулерде, ежелгі артефактардың түпнұсқалылығын анықтау мен мерзімін нақтылауда, көлік магистральдарының жұмысын сараптауда, және тіпті агроөнеркәсіп саласында тұрақты өніммен қамтамасыз ету стратегиясын құруда да пайдаланылады.

Бүгінде математиканың адамзат үшін маңызы зор, сондықтан математикалық терминдермен ойлау әр саналы адам үшін маңызды жетістік.

Математика, сандармен жұмыс істеуді жеккөретіндер үшін де қызық бола алады. Біз мұны математика жайлы қызықты деректер, арифметикалық тапсырмалар мен геометриялық зерттеулер арқылы дәлелдемекпіз.

Математика, қызықты сандар мен геометриялық зерттеулер жайлы 13 дерек

#1. Сағыз ми белсенділігін арттырады

Зерттеу анықтағандай, математикадан тест орындап жатқан кезде сағыз шайнап отырған студенттер, үздік нәтиже көрсеткен.

#2. 2520 санының қызықты ерекшелігі

2520 – 1-ден 10-ға дейін қалдықсыз бөлінетін ең аз сан.

#3. Математика мен галстук

Математиктер галстукті байлаудың 177147 тәсілі бар екенін анықтаған.

#4. Әлемнің ғылыми жетістігі

1900 жылы барлық математикалық зерттеулерді 80 кітапқа сыйдыруға болатын. Қазірде барлық мәліметтерді 100 000 кітапқа сыйдыру қиын.

#5. Туған күндерге қатысты парадокс

Егер топта 23 адам болатын болса, тым құрығанда екі адам бір күнде туылған болу мүмкіндігі – 50%.

#6. Исаак Ньютонның жаңалығы

Исаак Ньютон есептеуді ойлап тапқан уақыт, шамамен, студенттің осы ғылымның негіздерін үйренуіне кететін уақытқа тең.

#7. Әлемдік математикалық рекорд

2010 жылы Бүкіләлемдік математика күнін тойлау шеңберінде әлемнің 235-тен астам елінен 1,13 млн студент рекорд орнатты: олар топпен 479,732,613 сұраққа дұрыс жауап берген.

#8. Жауапқа миллион доллар

Клэй математикалық институты Ходжа, Пуанкаре, Римана гипотездердің бірін дұрыс шешкен адамға $1 млн. ұсынады.

#9. Геометриялық ерекшелік

Бірдей периметрлі барлық геометриялық фигуралардың ішінде шеңбер ең үлкен ауданға ие болады.

#10. Математикалық сленг

5 саны тай тілінде "ха" деп дыбысталады. Ал "555" бұл сленг-сөз, "Ха, ха, ха" деген мағына береді.

#11. Палиндром немесе айна сан

Палиндром-сан (палиндромон) – бұл екі бағытта да бірдей оқылатын айна сан, мысалы, 12421.

#12. Сандық сенім

1995 жылы Тайбэйде тұрғындарға топографиялық атаулардан "4" санын алып тастауға рұқсат берілді, себебі бұл сан қытай тілінде "өлім" сөзімен бірдей дыбысталады. Көптеген қытай ауруханаларында 4-ші қабат жоқ.

#13. Google атауының тарихы

Googol (Google брендінің мағынасы мен шығу тарихы) бұл 100 нөлі бар 1 санын белгілейтін термин.