21 Желтоқсан, Сенбі

Оқушыларға

Газет тілінің ерекшелігі






Публицистикалық стильдің шығармалары бір тілде сөйлейтін адамдардың жас ерекшеліктеріне , білім дәрежесіне, наным-сенімдеріне қарамастан, сол қоғам немесе аумақ мүшелерінің бәріне ортақ болып келеді. «Публицистика» сөзінің шетел тілдерінен орыс тіліне ауысып , «көпшілік» деген мағынаға ұқсас екенін ескерсек,бұл стильдің аталуы да ақылға қонымды келеді, себебі бұл стильде жазылып я болмаса айтылатын еңбектер, шынында, көпшілік қауымға арналады.Публицистикалық еңбектердің патриоттық ықпалы басым болып отырады.Қоғамдық-саяси әдебиеттің ,бұқаралық ақпарат құралдарының , көпшілікке арналған мәжілістердегі, жиналыстардағы баяндамалар мен жарыс сөздердің стилі публицистикалық стиль деп аталады.Ғалым М.Серғалиев бұқаралық ақпарат құралдарын 3-ке бөліп қарастырады:визуальдық(мерзімді баспасөз), аудиоальдық(радио) және аудиовизуальдық(телевизия,деректі кино) әрі олардың өздеріне тән белгілерін анықтаған:

-Ақпараттық(әр түрлі фактілер мен хабарларды жеткізу);

-Түсініктеме-баға берушілік (деректер көбінесе түсініктемемен,талдаумен немесе баға берушілікпен жеткізіліп отырады);

-Танымдыұ-ағартушылық(мәдени,тарихи және ғылыми материалдарды жариялап отырып,БАҚ тыңдармандардың,оқырмандардың, көрермендердің білім қорын толықтырып отырады);

-Ықпал ету қызметі (БАҚ үшінші өкімет деп атау орын алып жүр).

Сөйтіп визуальды хабарларды көрермендер қабылдаса, аудиальдық хабарларды тыңдармандар қабылдайды,ал аудиовизуальдық хабардың адресатта көрермен,тыңдарман кей реттерде бұған қоса оқырман болып келеді. БАҚ-ның осындай ерекшеліктеріне байланысты хабарлардың тілдік ерекшеліктеріде ір түрлі болады.Публицистикалық стилдің негізі газет тілі деп есептелінеді.Ақпарат құралдарының ішінде бәрінен бұрын пайда болғаны назет,яғни радио мен телевидения өмірге келмей тұрған кезде-ақ көпшілік қауым газетті молынан пайдаланды. Срндықтан,бір жағынан , газетте материалдарды беру,екіншіден, сол материалдарды оқырмандарға лайықтау, редакциялап деген сияқты талай өңдеуден өткізу тәжірбиесі болатыны белгілі.

Газет тілінің мағынаын мына жағдайлардан байқауға болады:

-жаңалықтарды,тың ақпараттарды халыққа тез жеткізуді басты нысаны етеді;

-болып жатқан оқиғаларға түініктеме береді ;

Әлде бір пікірдің шындығына оқырманның көзін жеткізе дәлелдейді және оқырманның оған деген сезімін оятып,қалыптастырады;

-оқырманды сол оқиғаға байланыты қимыл-әрекетке шақырады ,көпшіліктің көз қарасын қалыптастырады

Газет-публицистикалық стиль әр-түрлі жанрлармен беріледі.Газеттік-публицистикалық стильдің жанрларын екі топқа бөлуге болады.Олар :таза газеттік жанр-ақпараттық жанр және әсер ету функциясын атқаратын аналитиқалық жанрлар. Бапасөзде пайдаланылатын жанрлар көп .Т.Қожакеев оларды негізінен үш топқа бөледі:Бірінші топ-хабарлама (информациялық) жанрлар.Бұған жататындар-заметка,есеп(отчет),сұхбат және репортаж. Екінші топ талдамалы жанрлар. Бұл топ кореспонденция, мақала,баспасөзге шолу,рецензиядан тұрады.Үшінші топ – көркем публицистикалық жанрлар.Мұның құрамына фелетон,памфлет,очерк,көркем публицистика енеді.

Газеттің мақсаты қалың оқырманға ғылыми ақпарат беру емес,көпшілікке қажетті жалпы ақпаратты негізді жеткізу үшін салалық терминді пайдаланады.Зерттеуші М.Н.Володина: «салалық ұғымдардың тілдік көрінісі саналатын терминдер арнаулы білімдердің репрезентациялаудың айрықша тәсілі болып табылады. Қандай да бір арнаулы ұғымдарды білідретін термин маңызды ақпараттң бір бөлігін сақтап, жеткізуші ретінде түсіндіріледі.Ол ақпарат бөлігі белгілі бір терминсферада аса құнды болып саналады» -деп анықтама береді

Сондықтан да , шағын жанрларды автор өзі көтеріп отврған проблеманың мән-мазмұнын ашып, нақтылай түсу үшін термин сөздердің аса бір тиімді деген мәнін ғана пайдаланады.

Шағын жанр тілінде жазылған шығармаларды қоғамдық салада жаңадан пайда болған қозғалыстар қатары көбейіп келеді. Оларды:

1)Тұтастай қазақ тіліне аударылған терминдер(Қоғамдық келісім, рухани талғам;

2)Орыс тіліндегі атауы сақталған терминдер(инвестиция , саммит);

3)Бір сөзі қазақ тіліне аударылған(саяси партия,лауриаттарды марапаттау, министрліктің бағдарламасы, шығармашылқ концерт, ішкі саясат департаменті т.б терминдер деп жіктеледі.

Газет тілінің грамматикасы.Қазақ тілі білімінде газет жанрлары жеке реттеле қойған жоқ. Көбінесе, көркем әдебиет жанрлары шеңберінде қарастырылып жүргені белгілі.Ал көркем шығарма тілін талдау негізін Қ.Жұбанов , С.Аманжолов, М.Әуезов, Х.Жұмалиев, М.Балақаевтар қалыптастыр,ан болса одан әрі жетілдіре түскен Р.Ссыздықова, Х.Кәрімов, Б.Шалабаев, т.б ғалымдар болды.Әсіресе көркем мәтінге лингвистикалық талдау жүргізуді арнайы мәселе етіп көтерген , ғылыми еңбек арнап , оқу құралын жазған Р.Сыздықова мен Б.Шалабаевтар дер едік. Ғалымдардың бірлесе еңбек етуі нәтижесінде «көркем тексті лингвистикалық талдау» атты оқу құралы жарыққа шықты.

Олар сөздік құрамы да белгілі бір сызылған схема бойынша қалыптаспайды, әр түрлі болады.

Газеттің негізгі жанрлары ретінде хабар,шетелдік корреспонденция, есеп,үгіт-насихат мақалалары,проблемалы мақала ,очерк, сұхбат, фелетон,пікір есептеледі.Осы аталған жанрлардың бәріне ортақ ерекшеліктер:

*фактіге, нақты дереккөзге сүйенетіндігі ;

*фактілер мен деректердің жаңа болуы;

*деректер мен фактілерді дәл жеткізетіндігі;

*оперативтілігі;

*оқырманды сендіріп, әсер ете алатындығы.