21 Желтоқсан, Сенбі

Оқушыларға

Тіл – құдірет, тіл – қазына






«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», – деп ержүрек Бауыржан Момышұлы айтқандай өзіміздің ата-бабамызға деген құрмет пен қошеметті ең алдымен тілімізді қастерлеп, құрметтеуден бастағанымыз абзал. Адамзатпен бірге өсіп, өркендеп келе жатқан теңдесіз құбылыс – тіл. Дүниенің ешбір байлығы оған жетпейді. «Ел боламын десең бесігінді түзе», - деп дана халқымыз текке айтпаған. Қазіргі таңда өзінің ана тілінде еркін сөйлей алмайтын, ойын ашық жеткізе білмейтін жандарды жиі кездестіреміз. Кішкентай бала түгілі, үлкен қарт адамдардың тілімізді шұбарлап сөйлеуі, тіл жанашыларының наразалығын тудыратыны мәлім. Текті халқымыздың бұлай тым төмендеуіне не себеп? Көптің көкейінде жүрген мәселе. Заман ағымына байланысты адам өзгерді ме? Әлде қоғамның дамуы ма? Бұл жерде заман өзгерді деп айтуға қандай себеп бар? Қаншама мемлекет, өзінің тілі үшін арпалысып, күш салуда. Дәл қазіргі уақытта, халқымыздың қазақ және орыс тілдерінде сөйлейтіні бәрімізге белгілі. Алайда, орыс тілі басым екенін жасыруға еш негіз жоқ. Тіл түзелмей, қоғам түзелмейді. Қоғам ол – біз. Айналамызды түзейміз десек, бірінші өзімізден бастаған жөн. Әсіресе, барлық мектеп мұғалімдерінің, ата-ананың парызы. Жастайынан балаға білім, тәрбиемен қатар ұлттық құндылықты насихаттау, баланың саналы да, тәрбиелі тұлға болып қалыптасуына еш күмән келтірмейміз. Қай кезеңде болмасын тілін мәселесеі әрқашан актуалды. Шексіз бай, тегеуріні мықты туған тіліміз – асыл қазынамыз. Ең бірінші тілін жоғалтқан ел ұлт болып дамудан қалады. Ана тілі – ар өлшемі. Тіліміздің шұбарлануынан, арымыздың тапталғаны ма? Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі болып қалуы үшін қандай іс-әрекетке көшкеніміз жөн? Әрине, ең бастысы тіліміз бен салт-санамызға деген құрметімізді арттыру. Өзімнің қазақ болып дүние есігін ашқаныма, ең алғаш қазақ тілінде былдырлап сөйлегенімді мақтан етемін. Өйткені біздің тіліміз – сөзге бай, құдіреті шексіз тіл.

Көкшетау қаласы Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Амантай Жұлдыз Ағыбайқызы