25 Желтоқсан, Сәрсенбі

Оқушыларға

Мәдениеттану мамандығы – қоғам талабы






Жастардың адамгершілік - рухани құндылықтарын дамыту, оларды патриоттық тәрбиеге, ұлттық сана сезімді оятуға баулу, білім алу және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу біліктілігін арттыру, дәстүрлі мәдениетіміздің рухани және материалдық құндылықтарын сараптай отырып, тани білуге үйрету - бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Қоғамның негізгі тірегі - азаттық рухы мен бабалар өнегесін бойына сіңірген, білімге деген талпынысы жоғары, алдына биік мақсаттар қоя білетін жалынды жастар. Ал жастардың негізгі бөлігін студенттер құрайтыны бәрімізге белгілі. Болашақ кәсіби маман болатын студенттің ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен саналы сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның философия және саясаттану факультетінде Мәдениеттану мамандығы құрылған болатын.

Мәдениеттану - бұл студенттердің қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, тілдік және ғылыми қызығушылықтарын арттыруға бағытталған қоғамдық пән болып табылады. Пән ретінде студенттердің қоғамдық белсенділіктерін дамытуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге, сондай-ақ мәдениет пен спорт бағытын жетілдіруге, университеттің ұжымдық мәдениетін арттыруға бағытталған. Нақтылай айтсақ,
Әлем мәдениеті мен өркениетінің даму тарихын, олардың мәдени генезисі мен құндылықтарының алуан түрлілігін сыни талдау, философия мен мәдениет теориясының принциптерін түсінуді көрсету;
Жетекші мәдениет мектептері мен тұжырымдамалардың теориялық мәселелерін білу және мәдениеттің теориялық негізін құрайтын негізгі ұғымдар, принциптер, терминдер, проблемалар, артефактілер және үлгілермен жұмыс істеу қабілетін көрсету;
Заманауи Батыс және Шығыс мәдениетін дамытудың жалпы үлгісін, соның ішінде отандық мәдениетті, түрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесу формаларын білуді көрсету;
Дәстүрлі және қазіргі қазақ, түрік мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуы туралы әлемдік және еуразиялық тарихи үрдістің контекстінде Қазақстанның даму моделінің табыстылық факторларын анықтау үшін ғылыми және тарихи білімдерін еркін түсіндіру және шығармашылық пайдалану;
ХХ-ХХІ ғасырдың басындағы әлемдік мәдениеттегі маңызды тенденцияларды айқындау, бұқаралық мәдениеттің тілі мен мәтініне (бұқаралық әдебиет, кино, музыка, жарнама) өздерінің қарым-қатынасын қалыптастыру үшін жаппай және тұтынушылық мәдениеттің қалыптасуының себептері мен нақты тарихи жағдайларын, оның этикалық және эстетикалық құндылықтар жүйесін анықтау;
Әлемдік, аймақтық, жергілікті жоспардағы қазіргі заманғы мәдениеттің негізгі үрдістері мен динамикасы туралы қазіргі заманғы өнердегі дәстүрлер мен жаңалықтардың диалектикасы, заманауи өнердің ерекшеліктері туралы білімді жүйелеу;
Батыс Еуропа мен Азияның қазіргі заманғы өнеріндегі негізгі жанрлар, стильдер, үрдістер туралы ақпаратты, әсіресе мәдениеттің әртүрлі түрлеріндегі әдемі түсініктерді талдау, жіктеу, салыстыру, олардың зерттеу принциптері мен әдістерін қолдану;
Медиа мәдениеттің, бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа нысандарын, заманауи байланыс құралдарындағы жаңа үрдістердің және олардың мінез-құлқына және адамның құндылыққа бағдарлануына әсер ету мәнін түсіну;
Мәдениетті гендерлік, феминистік зерттеудегі негізгі әртүрлі теоретикалық және әдістемелік тәсілдерді объективті бағалау, гендерлік саясат қағидаларына негізделген гендерлік теңдікті бұзуды сыни және тәуелсіз талдау, бағалау;

Бұл бағыттар бойынша мәдениеттану мамандығының студенттері әр түрлі конкурстар мен дөңгелек үстелдер, іс-шаралар өткізеді, әрдайым көрмелерге, кинотеатрларға, театрларға мәдени жорықтар, қала мұражайларына және т.б. студенттік экскурсиялар ұйымдастырып отырады, мәдениет саласында қызмет етіп жүрген дарынды өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер өткізіп тұрады.

Жалпы, университетте білім беріп қана қоймай, жастардың рухани байлығын арттыру, ішкі мәдениетін көтеру, сияқты жұмыстарды ұйымдастырып, оқу ордасының беделін бұранғыдан да биік белеске көтеретіні талас тудырмайды. Осы орайда, біз болашақ мәдениеттанушылар, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, төл мәдениетімізге тиесілі ұлттық құндылықтарды бойымызға сініріп, ата баба мұрасын жаңғыртуға, сонымен қатар өзге мәдениеттерді жіті игеруге талпынып, Мәдениеттану мамандығын болашақта биік дәрежеге көтеруге бар ынта жігерімізді саламыз!

Өндірістік тәжірбие жетекшісі: Азимова Мөлдір Әуелтаевна

Мақала авторы: Хасиетова Жания Жарасқызы