Оқушыларға
Даналығымен танылған дара журналистер
Жунaлист – қoғaмдaғы aқпaрaттық ойдың көшбасшысы. Журнaлисттер гaзет-журнaл, рaдио мен тeледидар салaларында халыққа ақпарат жеткізуші болып қызмет жасaйды. Бұл мамaндық иелерi білiмді, әрі қандaй оқиғaны бoлсын тaпқырлықпен, сaуатты, нaқты дәлeлдерге сүйене отырып жазaтын жaн бoлуы керек. Хaлыққа қoғам жaйында ой толғaп жаза білу де шеберлік деп ойлаймын. Ол үшін сөздік қоры мол бoлуы қажет.
Қоғaмда осындай қызмет атқаратын, төртінші билік деп аталатын бұл мамандық иелері бір-бірінен дүниеге деген көзқарасына, ерекше қабілеттеріне байланысты дараланады. Дара журналист менің ойымша, замaн мен уaқыт ағымын жaқсы түсiнуі тиiс.Әсiресе, қызықты тақырыптарға мәліметтер жинап, жұрттың нaзарын аудaра білген жөн. Ең бастысы, өз даралығын мамандығына деген адалдықпен ұштастыруы тиіс. Қазақ журналистикасында ойып тұрып орын алатын ,мамандығына адал тұлғалар өте көп. Ал соның бірі де, бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы. Біздің халықтың сауат ашуында баспа ісінің еңбегі өте зор. Сол баспа ісінің бастауында тұрған «Қазақ» газетінің бас редакторы – Ахмет Байтұрсынұлы. Әрбір мақаласы ерлік пен отанға деген махаббатқа толы. Орыс үкіметінің қазақ жеріне байланысты шығарған әр шешімін баяндап, қарапайым халықтың мұңын жоқтаған, ой пікірі ешкімге бағынбайтын бодан елде өмір сүрген тәуелсіз журналист бола білді. Өз мамандығына құрметпен қарап, қиын қыстау шақ болса да, халқым осы ақпарат жайлы білсін деп, қасық қаны қалғанша аянбай еңбек еткен, елі үшін жанын салған нағыз дара журналист.
Алма ағашындағы көп алмалардың арасында ең үлкені, ең дәмдісі болатыны секілді журналистика саласында да өзіндік харизмасымен, қызықты тақырыптарымен,жеке жазу стилімен және көркем мінезімен ерекшеленетін журналисттер болады. Сондай тұлғаның бірі 1943 жылы дүниеге келген жаңашыл журналист Оралхан Бөкей ағамыз. Мақалаларының кереметтігі соншалық оқырмандар қызыға күтіп оқитын, көптің ықыласына бөленген жан. Өзіндік стилі қалыптасқан, мамандығына адал ағамыздың мейірімділік пен тәрбие бойынша оқырманға ой салатын мақалалары көп. Журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрген Оралхан Бөкей ағамыздың қаламына түскен әрбір мақаласы терең мағынасы мен тақырыптарының өзектілігімен ерекшеленеді. Оқиғадан әңгіме туғызуға бейім Оралхан Бөкейдің мақалаларында журналистиканың бейнелеу құралдары да көптеп кездеседі. Мысалға, «Күзеуге» деген мақаласында «Шұбартау ауданына осымен екінші рет келуім. Осыдан бес-алты жыл бұрын жастардан құрылған шопандар бригадасының өмірі, еңбек жолымен танысу үшін бүкіл шаруашылықты аралап шыққаным бар еді. Тәй-тәй басқан алғашқы бастаманың қарлығаштары қанаты әлі қата қоймаған кез болатын» - деген қысқаша үзінді алатын болсам, бұл сөйлемде: Қарлығаштың қанаты әлі қата қоймаған кез болатын деп, жас сәбиді, буыны қатпаған баланы айтып, метафоралық теңеу жасап тұр.
Иа, бұлар өткеннің батырлары болса, бүгінгінің батырларының бірі – Нұртілеу Иманғалиұлы. Журналистика саласында өз харизмасын қалыптастырған, халқы құрметтейтін мықты журналист. Мен Нұртілеу ағамыздың құқық, заң саласындағы білімін жоғары бағалаймын және Заң мен заман , Заң сөйлесін бағдарламалары қатты ұнайды. Себебі бұл бағдарламалардың заң саласынан білімі төмен халыққа ақ пен қараның ара жігін ажыратудағы, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, өзіндік құқықтарын білудегі көмегі зор.
Осындай азаматтардың ізімен жүріп келе жатқан жас болса да білгені көп журналист – Нартай Аралбай. Бүгінгі журналистиканың нағыз харизмасы деп айта аламын. Мәселе, бағдарламасымен жарқ етіп көрерменнің көңілін бірден баурап алған жан. Ныспым – Нартай, әкем аты – Аралбай бүгінгі мәселе мынадай деген сөздерін үйінде теледидары бар адамның барлығы біледі деп ойлаймын. «Халықтың мұңын мінбердегілерге жеткізу үшін қызмет етіп жүрген жайым бар» - деп Нартай ағамыздың өзі айтқандай елдің мәселесін шешуге көп көмегі тиді. «Қазіргі қоғамның жүрексіздігі мен бетімен кеткен бағытын көрген ақындар, сөз қадірін өз қадірім дейтін қазаққа бабасының батырлығын өлеңмен жеткізіп ой салуға тырысқан, біз қандай едік» - деген сөздері Нартай Аралбайдың талантты журналист екеніне дәлел. «Жасы кіші деме, ақылы асқанды аға тұт» деген мақал Нартай ағамызға арналған секілді. Жас болса да, бас бола білген журналист. Және тағы бір дара қасиеті батылдығымен, шыншылдығы. Бұл қазіргі таңда журналисттерде аз кездесетін қасиет. Мүмкін бұған журналисттер емес билік кінәлі болар, журналисттерге тәуелсіздік бермеген, мүмкін халықпен биліктің арасындағы алтын көпірге сызат түспес үшін тәртіп пен шектеу болғаны дұрыс болар, ол жағын нақты білмедім. Бір білерім, Нартай аға қалай бар, солай шындықты халыққа жеткізеді. Ал сөз саптауы мен мақалды керемет қолдануына ешкім дау айта алмас. Егер қоғамдағы бір сұрақтың жауабын таппасаңыз Нартай ағаның « Мәселе» бағдарламасын қараңыз, мән-мағынасын түсінесіз, көкейдегі сұраққа жауап табасыз дегім келеді.
Қазіргі таңда журналистиканың сан қырлы бағыттарына, ақпараттың көптігіне байланысты салалық журналистика қалыптасқан. Ал осы салалық журналистика бойынша қайталанбас харизмасы бар журналист Несіп Жүнісбаев. Ардагер журналист атанған Несіп мырза қазақ спорт журналистикасының ақтаңгері, спорт саласында ерен еңбегі сіңген қайраткер. Несіп Жүнісбаев мырзаны спорт журналистикасының бас сардары десем артық айтпаған болар едім.
Халық жүрегінен ерекше орын алатын тағы бір дара журналист – Бейсен Құранбек. Өкінішке орай қазір ортамызда жоқ, десек те оның мақалалары, әрбір бағдарламасы бізбен мәңгі бірге. Халықтың басындағы қайғыны менің қайғым деп білген ағамызды тек қазақ елі ғана емес бүкіл түркі жұрты құрметтейді. Бейсен ағамыз көрермендерін әлі күнге дейін сөз саптау мәнері, дауыс ырғағы, ойын еш бүкпесіз әсем бейнелеп жеткізетін қабілетімен тәнті қылып келеді.
Көпшіліктің көңілінде ерекше қайталанбас талантымен орын алған, әр мақаласын күтіп, әр бағдарламасын үзбей көретін көрермені бар журналисттер қазақ БАҚ саласында көбейіп келеді. Бұл қуантарлық жаңалық. Себебі, БАҚ өкілдері жақсы мемлекет дұрыс ақпарат алып, дұрыс ойлай біледі. Журналисттің даралық қасиетін халқы бағалайды, ал халқы сүйген журналист нағыз харизмалы журналист.