26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Қытайдың Жаңа жылына арналған кеш






Әр жыл сайын біздің факультетімізде түрлі қытайдың мерекелері ұйымдастырып жатырмыз, соның бірі ең танымал - Қытайдың Жана жылы, қытайша айтқанда 春节(chunjie). Қысқаша таныстырып өтейін, Қытайдың Жаңа жылы сөзбе сөз аударғанда Көктем мейрамы, яғни көктемнің келуіне орай арналған мереке. Ежелгі заманнан бері бұл Қытай мен Шығыс Азияның және басқа да елдеріндегі басты және ең ұзақ мереке болып саналады. Жаңа жылдың бірінші күні отшашулар мен әзілдерді, сондай-ақ хош иісті заттарды жағудан басталады. Отшашулар зұлым рухтарды қорқытып, отбасына бейбітшілік пен бақыт рухын тартуы керек. Күннің соңында Отбасы құдайлардың рух әлеміне барғаннан кейін үйлеріне оралуын құптайды, онда олар өткен жыл туралы есеп берді, содан кейін ата-бабаларына құрмет көрсетеді.
Осы жылы өткізген мейрамымыз карантинге байланысты онлайн форматта безендірілген. Бірақ та онлайн болғанмен де, мерекенің рухын студенттер сезінді.

Ұйымдастырылған іс-шарада толық студенттер қатысып, белсенді түрде өткізілген. Қытайдың Жаңа жылына байланысты көптеген ақпарат айтылды және де тек студенттер ғана емес, оқытушылар да белсенді қатысты.
Түрлі ойындар, презентациялар көрсетілген, мереке өте қызықты форматта өтілді. Осылайша әр жыл сайын қосылып, бірігіп Қытайдың дәстүрлі мерекелерді ұйымдастырып қуанайық.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3 курс студенті

Мухаметжанова Дания

Жетекшісі: Шарыпқазы Н.