26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Айқап пен Қазақ неге айтысқан? немесе басылымдар туралы шындық






Алаш қайраткерлерінің саяси көзқарасын барынша айқын көрсете білді. Алаш азаматтары «Айқап» журналын 1911 жылы шығарған кезде барлығы бірдей жұмыла кірісіп, ұлтқа пайдалы іспен шұғылданып, жұрттың ой-санасын оятуды көздеді. Алайда уақыт өте келе пікір қайшылықтары пайда болды. Оған себеп, сол кездегі саяси жағдай болатын. Алаш қайраткерлерінің бірі – батыстық бағытты, бірі – шығыстық бағытты ұстанды яғни Ресейдің қол астында болып та, өз автономиямызды жариялап, орыс тілін меңгеру арқылы да мемлекеттігімізді сақтауға болады деп шешті. Нақтырақ айтсақ, өнер, мәдениет, ғылымның бәрі орыс тілі арқылы келеді деп ойлады. Екінші жақ Ресейдің қол астында болу, оның боданы болу деген сөз. Қазақ өз мемлекетін құру үшін міндетті түрде азаттығын алуы керек және түбі түркі тілдес елдердің достастыығы маңызды деп білді. Әрине, бұл екі пікір де сол кезең үшін маңызды болатын. Егер Ресейден бөлінгіп шығатындай болса, оған қарсы тұрар қауқар жоқ. Тіпті қазақ өз қауіпсіздігін сақтайтын ішкі әскерін де жасақтамаған еді. Ал орыс билігінің жетегінде кете берсе, ұлттық еркіндігінен айырылып қалауы мүмкін. «Айқап» айналысына жиналған Алаш қайраткерлерінің осындай пікір қайшылығына байланысты 1913 жылы А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан бастаған топ Орынбор қаласынан «Қазақ» газетін шығарады.

Екі басылым арасында бірнеше мәселеге байланысты айтыс болды. Бірінші –жер мәселесі. Жер бөлудегі әділетсіздік және отырықшы болуға үндеуге байланысты екі басылым бірнеше рет жауаптасып отырды. «Қазақ» газеті жерге қатысты мәселеде қазақ егінін де салсын, малын да бақсын, қазақтың меншігіне тиісті жерді тек қазақ қана пайдалансын деп өз ойларын батыл білдірді.

Екі басылымды айтыстырған екінші бір мәселе – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Қазақтан солдат ала ма, алмай ма, берген дұрыс па, бермеген дұрыс па деген сауалдар сол кездегі Алаш арыстарының әрқайсысын мазалағаны шындық. «Қазақ» газеті бұл мәселе бойынша халықты барынша сабырға шақырумен болды. Кейіннен А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш қайраткерлері қазақтан солдат алған күнде олардың жағдайын жасау қажеттігін айтып, бірнеше рет патшаға хат жолдады. Сондай-ақ арнайы өкілдер жіберіп, солдатқа алынған қазақтардың жағдайын бақылап отыру, олардың керегін қамтамасыз етуге тырысты. Бұл туралы газет бетіне бірнеше рет мақала да жарияланды.
Проф. Б.Кенжебаев «Айқап» журналының бетінде шыққан материалдарды тақырып, мазмұн жағынан былайша бөлген: саяси-әлеуметтік мақалалар; әдеби шығармалар, әдебиет мәселелері; қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің жай-күйі, маңызды мәселелер; ана тілі, әліппе, емле мәселесі; қазақ әйелдерінң жайы, бостандық, теңдік мәселесі; дәрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары; ішкі-сыртқы хабарлар; кітап сындары; тілші хаттары, жауап хаттар;

М.Дулатов жер мәселесіне қатысты екі жақты пікірдің екеуіне де қосылды.

Журналдың көп көңіл бөлген мәселесі- әдет-ғұрып, салт-дәстүр. Қазақ тіршілігіндегі әдет-ғұрыптың кемшілік, кері кеткен жақтарын сынай отырып, елді жақсылыққа, озық ойға, болашққа шақырды. Қазақ елін білімге, өнерге шақырды. Оқыту сапасын жақстару мен білім беруді белгілі бағдарлмаға сүйене жүргізу керектігін сөз етті.

«Айқаптың» тілі 20-ғасырдың басындағы ұлттық публицисткамыздың үлгісі болды. Журнал бетінде жазушы, журналистер қазақтың жазба тілін қалыптастырып, көне, діни, кірме сөздердентазарту үшін Абай, Ыбырай бастаған жаңа әдеби тілді қолдады.

М.Сералин 20-ғасырдағы қазақ ағартушыларының дәстүрін жалғастыра отырып, мектеп ашу, бала оқыту жөніде нақыт ұсыныстар айтты. Оның публицистикалық мақалалрында қазақтың жаза әдебиеті мен тілі туралы көптеген ой-пікрлері үзбей жарияланып тұрды.
1913-14 ж «Айқап» журналының редакциясында хатшы болып істеген С.Торайғыров көп еңбек сіңірді. Оның журналдың 1913 жылғы 19-20,22-24 сандарында басылған «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген сын мақаланың орны ерекше.

«Айқаптың», «Өлең-жыр», «Фельетон», «Хабаршыларымыздан», «Ашық хат», «Басқармадан жауап» деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыптылыкты, жүйелілікті танытады. Журналдың, безендіру мәселесіне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материалдардан айқын аңғаруға болады.

«Айқап» өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей ордалықтары мен Кавказ округіне қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қостанайдан, Қызылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқаралыдан, Сенейден, Аякөздек, Қапалдан, Шиеліден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.

Журнал бетінде кейде «Одан-бұдан», «Уақиғалар», «Мұсылмандар түсінуге тиісті мәселелер» деген айдарлар бойынша да материал жарық көрді. Кейін оларды алмастырған «Хабаршыларымыздан», «Хабарлар» айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.
«Айқаптың» хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді, Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нураллин Айтмуқанбетов, Есенғали Хасаболатов, т.б. «Айқап» және онын редакторы сол кезгі саяси-әлеуметтік мәселенің ең бастысы — жер мәселесі екенін жақсы түсінген.