26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

«Айқап» пен «Қазақ» газетінің айтысы






Елдің қамын ойлаған «Айқап» журналыда «Қазақ» газетіде қазақтың басына бақ болып қонған басылымдар.Олардың көтереген ауқымды тақырыптарымен қозғаған мәселелерінің арқасында қазақ халқының біраз мәселелері шешілді.Екеуіде қазаққа аянбай қызмет еткен басылымдар.Олар бір теңізде жүрзен қос кеме сияқты болды.Бір теңізде жүзгендей бір қилы заманның ызғарына тоңды.Олар қазақ халқы үшін,елдің жарқын болашағы үшін алуан тақырыпта мақалалар жариялап отырды.Бірақта,мінсіз дүние болмайтыны секілді қазақтың қос лебізіндей қос басылымдарындада біршама дау туып отырды. Оны Бейімбет Майлиннің мына сөздері дәлелдей түседі: «Енді келейік, «Айқап» пен «Қазақ» арасына. Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі». Осы жолдардан-ақ екі басылымның арасында расымен келіспеушілік болғаны айқын көрініс береді. Екі басылым арасында бірнеше мәселеге байланысты айтыс болды. Солардың бірінші –жер мәселесі. Оны ұлттық сананың ұйытқысы бола білген «Қазақ» газетінің «бас жазушысы» Ахмет Байтұрсынов апталықтың 1914 жылғы 48-санында жарияланған бас мақаласында «қазақтың тірі я өлі болу мəселесіне» теңейді. Ол тегін де емес еді. Жер бөлудегі әділетсіздік және отырықшы болуға үндеуге байланысты екі басылым бірнеше рет жауласып отырды. «Қазақ» газеті жерге қатысты мәселеде мал баға беруді құп санаса, «Айқап» газетінде керісінше егін егіп күн көруді дұрыс деп санап,сол арқылы елімізді сақтап қала аламыз жерді өзіміз иемденіп деген тұжырымға келген.Басылымдарға айтысуға себеп болған екінші бір мәселе – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.Сол кезеңдерде қазақтарды солдат етіп алама,әлде алмайма сол жағы барша жұртшылықты назарына алғаны рас. «Қазақ» газеті бұл мәселе бойынша халықты барынша сабырға шақырумен болды. Кейіннен А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш қайраткерлері қазақтан солдат алған күнде олардың жағдайын жасау қажеттігін айтып, бірнеше рет патшаға хат жолдады. Сондай-ақ арнайы өкілдер жіберіп, солдатқа алынған қазақтардың жағдайын бақылап отыру, олардың керегін қамтамасыз етуге тырысты. Бұл туралы газет бетіне бірнеше рет мақала да жарияланды.Айтысқа тағы себеп болған тақырып ол оқу еді.Мұхамеджан Сералин «Басқармадан»атты мақаласында бұл журналды ашудағы басты мақсатын: «...Мақсатымыз дүние жиып, байымақ, пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді... Журнал шығарғандағы мақсатымыз - халыққа жол көрсетпек еді», деп білдіреді. Қайраткер «Аштық хаһқында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы», «Қазақ жастары», «Отырықшы болған қазақтар туралы», «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл», «Жер әңгімесі» мақалаларында қазақ қауымының жоғын жоқтап, жер, оқу-ағарту секілді басты мәселелердегі қозғап,сол тақырыпта өз ойларымен бөлісіп отырған «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл» мақаласында Алаштың арда азаматы Мұхамеджан Сералин: «...Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол - оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі жұртқа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық қылып, оқушы талапкерлерімізге жәрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды», деп жазды. «Айқап» «Алты Алаштың баласына егін шаруасына қолайлы жерлерге қала салуды қуаттап, халыққа шамасы келгенше түсіндіру» мақсатын ұстанған басылым еді. Сондықтан да онда осы мазмұндас мақалалар көптеп жарық көрді. Міне, осылайша «Айқап» пен «Қазақ» арасындағыосындай қарама қайшылықтар көп орын алған. Бірақ бұл қос басылым ұстанымдарындағы сонғы қайшылығы емес. Бұнымен қоса олардың басқосу өткізуге және әліпби таңдауға келгенде де пікірлері екіге жарылған. Соның кесірінен екі басылым авторлары бір-біріне қарата көптеген мақалалар жариялаған. Алайда қазақтың сол тұстағы зиялылары жазармандарды мәмілеге келуге үгіттеген. Дауласқан екі тарапты мәмілеге шақырып,мәдениеттілікке үгіттеп отырған. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Сөз таласы» атты мақаласын мысалға келтірейік.Мақалада Абайдың немере інісі Шәкәрім: «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы-ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс - тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп-зекіріп тыю зиян шығармай ма?», - деп қандайда болмасын адамның дәрежесі мен лауазымына қарамастан әділдік жолында ақиқат өлшемін ұстануы керектігін ескертіп,дауласып жүрген басылым қызметкерлеріне өз ақылдарын айтып отырған.Бірақ,дауласқандарына ғана қарап оларды түбейгейлі бір-бірімен қас болған басылымдар деп айтуға келмейді,себебі өзекті тақырып бар жерде,сүбелі сөзде,сан қилы пікірде болады.Ал,осы екі басылымның айтысы дәл осы уақытша ғана созылған келіспеушілік. Ғалым Қайрат Сақтың : «Кезінде қалың қазақ еліне көздің ағы мен қарасындай қатар қызмет еткен бұл екі басылымды біріне-бірін қарсы қойып қарастыруға мүлдем болмайды. Рас, кейбір мәселелерде пікір алалығы кездеспей қалмаған. Бірақ, ол мақсат бөтендігінен емес, соған жетуде ұстанған жолдардың әртүрлілігінен туындап отырған деуімізге толық негіз бар» деген пікірі өте орынды деп ойлаймыз.Сөзімнің соңын көрнекті қалам қайраткері Бейімбет Майлиннің «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 138-санында жарияланған мақаласында: «Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларында дұшпандық жоқ. Себебі екеуінің де түп мақсаттары бір еді», – деген сөзімен аяқтағым келеді.Газеттер арасында дау болғанымен,негізгі діттеген нысандары,ойлаған мақсаттары бір арнада еді.

Едилхан Айсауле

әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

1 - курс студенті