Оқушыларға
Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ өкпесі
Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ өкпесі Қазақ - ертеден қонақжай, момын халық. Асыл текті бабаларымыз қолына найза ұстап, бес қаруын беліне асынып жауға шапқан ұлы ұлт. Бірақ, қиын заманда қалған сәтінде қазақ кімге өкпелейді? Неге өкпелейді? Қазақ кінәні өзінен іздейтін ба еді? Әрине, жоқ! Әркімнен бір көріп, Ресей жерінен келген мұжықтармен бірге тұруға мәжбүр. Жерін бөліп беріп, ол аздай, келген өзге ұлт келемсектері қазақ халқының барын тартып алуда. Бұрын би-шешендердің, ақын - жыраулардың, сал-серілердің ұрпағы болған қазақ Ресейдің ықпалында жүрген сәтте осы өнер дейтін сөзге мән берді ма екен? Өкпемізді кімге айтып, іштегі дертті кімге тарқатамыз? Әрине әркімге мұңымызды шақпасымыз анық. Ел басына күн туғанда, халқымыздың маңдайға біткен Ақаңдай нар тұлғалы азаматтары қазақ халқының мұң-зарын жазды. Қазақ өкіпесіне себеп болған не? Жұртымыздың жалқаулығы бірінші жауы. Кер жалқаулықтың кесірінен тіршілік қылмай, бар малын мұжықтарға берді. Ал, екінші жауы, жерін қорғай алмағаны. Бар қазақтың басын бір тудың астына жинап қорғаған жерімізге өзге ұлттың аяқ басуына тоқтау сала алмағаны. Бәлкім, орыс халқы жерімізге аттап баспағанда, қазақ қазір шалқып - балқып жүрер ма еді? Үшінші жауы, өнер - білімге қызықпауы, надандығы. Надандық адамды аздырады, тоздырады. Алайда қазақтың ішінде алты алауыз болған азаматтар да бар. Ол - ақиқат. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді - деп, дана халқымыз бекер айтпаса керек. Мүмкін сол кезде бірлік туының астына жиналып, Ресейге төтеп бергенде қазақ дүркіреген мемлекет болып, сол заманда танылып, бүгінде қазіргі күннен де басқа мемлекеттерге қарағанда алды да тұрар ма едік, кім білсін?! Әйтсе де, бұл жай ғана болжам. Демек, қазақтың ешкімге өкпелеуге хақы жоқ. Қазақ өз басына төнген нәубетке өзі кінәлі.
Жанель Рахымберлинова