Оқушыларға
Талбесіктен жербесікке дейін
“Талбесіктен жербесікке дейін”. Адам баласының өмірі осынау сөз тіркесімен сипатталатын секілді... Адам атаулы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап-ақ түрлі салт-дәстүрлерді , ырым-тиымдарды бойына жиып өседі. Тұлғаның өмірлік мағынасы да өзіміздің ұлттық көзқарастарымызға қарай қалыптаса бастайды деп ойлаймын. Мәселен адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асырады. Тұлғаның өмірінің мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді. Адам баласына дүниеге келген сәтінен бастап түрлі ырымдар, тиымдар, салт-жоралғылар жасала бастайды. Мысалы ең алғашқыларының бірі ол қырқынан шығару рәсімі. Одан соң бесік той, тұсаукесер... Сол сияқты қазақ халқының ең аса мән беріп, маңыз аударатын ғұрыптарының бірі-ырым. Сонау кезеңнен қалыптасқан түрлі ырымдарды ата-анамыз бұлай болмайды балам, олай жасама балам деген сөзін естіп өстік. Есейе келе әрбір ырымның өзіндік отбасыға берер құндылықтары бар екенін түсінгендейміз. Қыз баланың ибалы, көркем мінезді болып өсуіне арналған ырымдар мен тиымдар көптеп кездеседі. Мысалы; қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. «Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады. Сондай-ақ «қызда оттай ыстық мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса -бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді» деген ырымды да негіздеген. Ырымдармен қатар қазақ қыздарының тәрбие жағынан жазылмаған дала заңдары да өте орынды айтылып кеткен. Ол әрине “Қызға қырық үйден тыйым”. «Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт-дәстүрінде қыз балаға арналған тәрбиелік ұғым, ұстанымды атайды. Бірнешеуін айтса кетсек қыз баласына: жарыса сөйлеуге; жалғыз қыдыруға; жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; өтірік, өсек айтуға; тамақты обырлана асауға; үлкендердің жолын кесіп, атын атауға; беттен алып, бет жыртысуға болмайды. Осы құндылылығым арқылы біз басқа халықтардан ерекшеленеміз, Яғни қыз баласын арнайы ырым-тиымдар арқылы тәрбиелесек, дәл солай болашақ еліміздің қандай болмағын да бағдарлай аламыз.
Қазақта әртүрлі жағдайларға арналған ырымдар бар. Мысалы ырымдардың іс-әрекеттерге арлаған түрлері кездесіп жатады. Мәселен, жаңа босанған әйел үйге кірген итті қумайды – егер қуса, тістері түсіп қалады. Келін түн ішінде суға бармайды, кір жаймайды. Себебі шошыма ауруына ұшырауы мүмкін. Жүкті әйел ара, қайшы ұстамайды – мерзімінен бұрын босанады. Екіқабат әйел қоян етін жемейді, жесе баласы қоянжырық болады. Келін төрге шықпайды – төр қонақтың немесе отағасының орны. Келесі түрі-тағамға байланысты ырым-тыйымдар. Қазақ асты ерекше қадірлейтін халық. Сондықтан ас-ауқатқа, тағамға байланысты қалыптасқан ырым-тыйымдар астың қадірін арттыруға, ысырапшылдыққа жол бермеуге бағытталғаны сөзсіз. Қызға кәрі жілік ұстатпайды – оң жақта көп отырып қалады. Балаға ми жегізбейді – былжыр, ынжық болады. Ішіп отырған шайға сама түссе – қонақ келеді. Ас ішіп болған соң «тойдым демейді», «қанағат» деген жөн. Тұзды бейберекет шашпайды, астың иманы – тұз деп қарайды. Егiннiң тұқымы үшiн бiреу қарызға дән сұраса ренжiмей бередi, дәндi адам емес, қара жер тiлеп жатыр деп ырымдайды. Қазақ танымында ақ өнімдері, яғни ағарған жақсылықтың нышаны, пәктіктің, тазалықтың символы ретінде қалыптасқан. Сондықтан ағарғанға қатысты ырымдар өте көп. Мысалы, байқаусызда ақты төгіп алса, саусағын батырып, маңдайына жағу ырымын жасаған. Сосын аяққа басылмас үшін жақсылап тазалап, сүртіп алатын болған. Ақты аяқасты ысырап етпеген. Келесі түрі - үй тұрмысына қатысты ырым-тыйымдар; Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды – жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған. Киіз үйде құмырсқа көбейіп кетсе – жылқының екі тезегін уыққа іліп қоятын болған. Тағы да көп айтылатын ырымдар- балаларға арналған ырым-тыйымдар. Халқымызда жас балаларды арналған тәрбиелеуге байланысты кездесетін ырым-тыйымдар қатары мол. Енді соларға тоқталсақ. Үйге кіріп келе жатқан бала құлап қалса – үйге береке, ырыс келеді. Бала жолға қараса – қонақ келеді. Бала тілін шығарса – хабар келеді деген секілді.
Сонымен қатар ырымдардың кей кезде ақылға сиымсыз түрлері де кездесіп жатады. Мәселен өзге елдерде қолданылатын ырымдарға көз салсақ; түн ортасында жүзім жеу керек, төрт санынан қашу, мазар маңынан өткенде бас бармағын жасырмау, денсаулық үшін су ішпеу керек деген қызықты ырымдар да бар екен.
Қазақ халқы Бесіктегі бала бес түлейді деп бесікті киелі санаған. Наным-сенімдер бойынша, бос бесікке ібіліс баласын жатқызады немесе жылан салып қояды, сондықтан бос бесікті тербетуге болмайды, оның бетін әрдайым жауып жүру керек екен.
Тал бесіктен жер бесікке деген сөз бар. Халқымызда бос бесікті тербетпейді, бейуақытта оны далаға қоймайды, бесікті арша, адыраспанмен аластағаннан кейін ғана баланы салады. Сәбиге жын-жыбыр, көрінбейтін қара күштер жоламасын деп бесіктің басына қайшы, пышақ, қамшы жастап та қояды. Ал бала есейгенде бесікті далаға тастамаған. Кейінгі кездері тозған бесікке ақ тамызып, өртеп, аяқасты қылмас үшін күлін де жерге көмеді
Адам баласың өмірі де сол секілді...Туылған сәтте талбесікке жатқызса, дүниеден өтер сәтте жербесік қойнына табыстайды.
Әңгіменің түйіні, Өмірдің мәнін анықтау үшін сенің өмірің бітіп, аяқталып қалса да мәңгі жалғаса беретін түпсіз нәрсемен анықталуы тиіс. Әрқашан мәдениетіңді, салт-дәстүр, ғұрпыңды кемеліне жеткізіп, әрдайым бақытты сезімде жүру өмірдің негізгі мәні болып табылмақ!
Бүркітбаева Ақбала Амангелдіқызы