Оқушыларға
Ахмет Байтұрсыновтың Қазақтың өкпесі мақаласының айшықты мәні
Ахмет Байтұрсынұлы, «Қазақ өкпесі» атты мақаласымен білім беру саласына қосқан сүбелі үлесі, сара жолы болды. Сол кезеңдегі қазақ оқығандарының жанашырлық, ұлттық санасын ояту жолындағы шығармашылық, азаматтық еңбегі қазақ тарихында ұлттың кемелденуіне қосқан елеулі үлес ретінде мәңгі сақталары анық. Қазақ даласындағы сол кезеңдегі тарихи жағдайда бұл үлкен теңізге құйылған тамшыдай ғана өзгерістер еді.
Ақынның мақалада күйіне жеткізгендерінің бірі қара қазақтың надандығы.Кеше көрген қиянатын бүгін тойса ұмытатын,өз пайдасын,келешегін болжамау қазақтың ой-санасының таяздығы екендігін көрсете отырып,халықтың надандығын ашық жазып,қазақ халқының әрнәрсеге өкпелеп, пайда болған тосқауылға төтеп бере алмайтындығына күйінеді. Уайымға салынып, жұртының қамын ойлаған Ахмет Байтұрсынов бұл мақала арқылы қазақ халқының сол кезеңіндегі көкейтесті мәселелерін ашып берді.
Мақала барысында қазақ елінің саяси-әлеуметтік мәселелері, шаруашылық жағдайы, жер мәселесіне, оқу-ағарту, әдебиет пен мәдениетке арналған ойлары жазылған. Бұл мақала арқылы, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап,бақылап, шолу жасап, кейбір күттірмейтін жайттарды дер кезінде жазып, елді қауіп-қатерден сақтандырып отырған. Ахмет Байтұрсынов: «Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зарлысы-жер мәселесі, бұл қазақтың тірі я өлі болу мәселесі» деп дөп басып айтқан.
Автор қазақтың езілген, адасқан, тығырыққа тірелген хәлін барынша дәл көрсетті. Осылай болудың басты себептері патша үкіметінің саясатына байланысты деп түсінді, алайда ол басты айып жаңа дәуірге ыңғайласа алмаған надан халықтың өзінде деп санады. Аталған мақалада «Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты өр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай келеміз. Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз» дей келе ғылым мен өнерді керек қылатын қазақтардың көбеюі автордың ойынша халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылатынын жазады.
Ахмет Байтұрсынов: «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек.Жұртым деп халықтың арын ойлап , зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», — деген тұжырымы арқылы «Қазақ өкпесі» атты мақаласының қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын айшықты мәнін барынша айқындап берді.
Тоқанова Аяужан