26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Ахмет Байтұрсыновтың “Қазақтың өкпесі” мақаласының айшықты мәні






Ахмет Байтұрсыновтың осы бір мақаласы “Айқап” журналында шыққан болатын. Мән беріп қарасың мұның өзі осы “Айқап” журналы өкініштен шыққанын білеміз. “Қазақтың өкпесі” деген мақаланың өзі осы бір өкіншітен туындап отыр. Қазақ сонда басқаға өкпелегенше, неге өзіне өкпелемейді деген сұрақ басты мәселе.

Ахмет Байтұрсыновта осы мақаланы жазу барысында, күллі қазақ халқының өкінішін жазып отырғаны білінеді. Кейбірі бұны халыққа қарсы жазылған деп есептесе, қатты қателескені деп білемін. Себебі, мұнда Ахмет Байтұрсынов халықына жаны ашып, күйініп жазған. Басқа жұрттар өз алдына жақсы жақа қарай өзгеріп, ілгері басып жатса, қазақтар бір-біріне өкпелеумен кері тартып жатқанын көреміз. Бірі-бірімен дауласып, өз алдына хан болып жүрген. Ал надан хан тек артқа тартады. Мықты хан болса елінің болашағы да мықты мемлекет болары анық. Халықтың надандығы мен жалқаулығы көп нәрсені көрсетеді. Бірақ қашанда адам өзін емес, біреуді кінәлауға дайын тұрады емес пе?! Өздері мұжықтарға жалға беріп, өздеріне жақындатқанына қарамастан, басқаға өкпелейді. Осының бәрі қара халықтың сауатсыздығы мен надандығында. Егер оқып, білім алғанда ақ пен қараны ажырата білгенде осының бірі де болмас еді деп ойлаймын. Қараңғылықтың астында қалып кеткен қара халық әрдайым кінәні басқадан іздеген. Соңына келіп, өкінгенше басында неге ойланбады екен дейміз, соңында өкінгеннен, өкпелегеннен не пайда?! Бірінші өзіңе ренжіп өкпелемесең, басқаға өкпелегеннен еш пайда жоқ! Мақаланың ішіне терең үңілсек, біраз нәрсені білеміз, біразына қапаланамыз. Өзімізге бір ой түйеміз, оқыған адам ғана көзі ашық болатынына сенеміз!

Зинадуллақызы Нұрай