Оқушыларға
Айқап пен Қазақ басылымдары жайында шындық
Қазақ баспасөзінің қарлығаштары :Мұхаметжан Сералин басқарған «Айқап»журналы мен Ахмет Байтұрсынұлы редакторлық еткен «Қазақ»газетінің қоғамда болған оқиғаларға байланысты кереғар пікірде ,авторлары өзара дискуссияда болғаны белгілі.Екі басылымның да мақсат-мұраты елдің мұң-мұқтажын айтып,жоғын жоқтау болса да үздіксіз келіспеушіліктер болып тұрды.Әсіресе қызу талқыға түскен екі тақырып болды:Отырықшылық шаруашылыққа көшу арқылы қалалық өмірге біртіндеп қадам басу,мектептегі білімді орыс методикасы бойынша,жаңа әдіспен үйрету.
1912 жылы «Айқап» журналында Ахмет Жанғалидің «Қазақ халқы қала болуы тиіс емес,қала болудың соңында біз үшін бек қорқыныштар сезіледі»деген мазмұндағы мақаласы жарық көреді.Оған жауап ретінде «Қазақ» газетінің белсенді мүшесі болған Ғұмар Қарашев «Ахмет Жанғалиге жауап» атты мақаласында көшпенді халықтың ау-жайы бесенеден белгілі,жер тұрмақ бір нәрсені де өзімнің меншігім деп айта алмайды.Сол себепті де ғылым мен білімнен мақрұм қалып надан,бәдәуи халыққа айналады.Қазақтың ата кәсібі мал шаруашылығы екені белгілі .Дегенмен отырықшылыққа көшу,ата кәсіптен бас тарту деген сөз емес.Біз отырықшылыққа көшіп,қалалық өмірді де көріп,мал шаруашылығымен де айналысып, ғылым білімді де игере аламыз деген мазмұндағы мақаласында өз пікірін айтады.
Екі баспасөздің мұндай пікірталастық бақталастыққа түсуі Мұхамеджан Сералин мен Ахмет Байтұрсынұлының өзара келіспеушілігінен,араздығынан туындаған деген пікірлер де болған.Қазақтың зиялы қауымы қазақтан шыққан баспасөздердің араздығына сынай қараған.Шәкәрім Құдайбердіұлы «Сөз таласы»деген мақаласында : «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы-ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс - тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп-зекіріп тыю зиян шығармай ма?», - деп екі басылымның арасындағы тайталастың орынсыз екенін жеткізеді.
Міне,бір қарағанда екі басылымда қазақтан шыққан,халық үшін басылып турған болса да,осындай көп біле бермейтін өзара келіспеушілік сынды құпиялық қарекеттері болған.