26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл






29 тамызда тарихи дата аталып өтіледі. Осыдан 30 жыл бұрын Семей сынақ полигоны ресми түрде жабылды. Қазақ КСР Президенті Назарбаевтың алғашқы шешуші қадамдарының бірі 1991 жылғы 29 тамыздағы Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы № 409 жарлығы болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы:

«Қазақстан ширек ғасырдан бері тұтас жер беті бейбітшілікке бөлену үшін бар күш-жігерін салып келеді. Біз қуаты жөнінен әлемде төртінші орынға ие ядролық қарудан өз еркімізбен бас тартқан елміз. Әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында көптеген тың бастамалар көтердік. Бұл – Қазақстанның бейбіт бастамалары жер бетіндегі барша елдің мүдделеріне сай келетінін және олардың қолдайтынын көрсетті».

Қазақстан даласында орналасқан ядролық полигон 18500 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Полигондағы сынақтар 1949 жылдан 1989 жылға дейін жалғасты. Дерек көздерге сүйенсек, Семей полигоны аймағында 40 жыл ішінде 456 ірілі-ұсақты сынақтар өткізілген. Барлық сынақтар қатаң құпияда өткізілген болатын. Семей облысының 200 мыңнан астам тұрғының жарылыстар туралы хабары болмады.

1963 жылға дейін сынақтар жер мен атмосферада жүргізілді. Егер жетекші ядролық державалар ғарыш, әуе және су кеңістігінде ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартқа қол қоймаса, бізді бүгін не күтіп тұрушы екенін тек қана болжауға болады. Осы уақыттан бастап барлық сынақтар тек жер астында жүргізілді. Бірақ бұл Семей қаласының тұрғындарын құтқармады. 1989 жылы ақпан айында сәтсіз сынақ кесірінен радиоактивті бұлт атмосфераға көтеріліп жақын маңдағы аумақты басып алды. Ядролық сынақтардың салдарынан барлығы 1,3 миллион адам зардап шекті деп есептеледі.

1989 жылы белгілі қазақстандық қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бүкіл әлем бойынша ядролық сынақтардың құрбандарын біріктірген Невада — Семей антиядролық қозғалысын құрды. Қозғалыс әлемдік резонансқа ие болды.

1989 жылы Семей полигонындағы ядролық сынақтар толығымен тоқтады. полигонда алғашқы жарылыс болғаннан 42 жылдан соң, 29 тамызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен полигон жабылды.

1996 жылдан 2012 жылға дейін Семей ядролық полигонында Ресей, Қазақстан және АҚШ құпия операция жүргізгені белгілі. Оның мәні ыдырайтын элементтерді, атап айтқанда 200 килограмға жуық плутонийді, сондай-ақ ядролық қаруды жасау және сынау үшін қолданылатын жабдықты іздеу және жинау болды.

Қазіргі таңда Семей ядролық полигонын радиоактивті материалдардан тазарту жұмыстары аяқталды.

У.М.Джолдыбаева- тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті

Зейнолла Али- Шығыстану факультеті, шетел филологиясы мамандығының 1-курс студенті