Оқушыларға
Тілім – аманатым
Сіз мемлекеттік тілде сөйлесесізбе?
Ана тілімізді білу, оны еркін сөйлеу мақсат емес, міндет. Қазақстан Республикасының егеменді, тəуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ал сіз мемлекеттік тілде сөйлейсізбе жəне оны қолданасызба?
Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні жəне болашағы. Тіл – бабалар аманаты. Əр қазақтың өз тілін құрметтеуі – ол міндет. Қазіргі таңда үштілділікті қолданамыз деп қазақ тілін екінші санатқа қойып тастаған секілдіміз. Осы ретте, тұңғыш президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс жəне ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек» деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы жолдауында. Осы күнге дейін Кеңес Одағы кезінен келе жатқан азаматтарымыз қазақ тілін жетік меңгере алмай жатқанда, үштілділік оларды босаңсытып жіберген секілді. Оған мысал, өзім танитын көптеген орта жастағы азаматтар, жұмыс орынымдағы азаматтар өзінің ойын орыс тілінде еркін жеткізе алады. Тіпті, қазақ тілін білмейтін азаматтар жетіп асады деп айтсам да болады. Олардың түсінуі үшін орыс тілінде сөйлесуге тура келеді. Осы жерде «неге?» деген сұрақ туады.Тəрбие – тал бесіктен. Тілді, патриотизмді жастарға үйрететін өзіміздің орта буындағы кісілер. Əрбір қазақ отбасы ұрпақтарын туылғанынан қазақ тілінің майына шомылдырып өсірсе, тіл мəселесі осындай ауқымды болмас еді.Білім ортасының жас ұрпақты тəрбиелеуде маңызы зор. Мен, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім алып, маман атандым. Менің оқу орнымның менің тіл туралы ойыма қосқан үлесі көп. Оқу орнына түскеннен бастап, маман атанғаныма дейінгі кезеңде маған патриотизм деген сезімді миыма құйып келді. Үш тілді жетік меңгеріп, қазақ тілінде еркін сөйлеуіме шектеу қойған жоқ. Қазақ тілінде оқытылу керек пəн қазақ тілінде игерілді, ағылшын тілде оқытылу керек пəн ағылшын тілде оқытылды. Тəрбие сағаттары, студенттік іс шаралар қазақ тілінде ұйымдастырылды. «Əр елдегі қазақ əр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Он шет ел тілінде сөйлесе тіпті жақсы, бірақ он шет тіліне орап, ана тілін тұншықтырып тастаса, ол – кешірілмес күнə. Сол себепті де,мемлекеттік тіл – ол біздің мемлекетімізді құлатпай ұстап тұратын мықты бір діңгек екенін ұрпақтарымыз біліп өсуге тиіс» деген еді тұңғыш президентіміз Н.Ə. Назарбаев. Елдің болашағы – жастардың қолында. Біз мемлекеттік тілді қастерлеп, оны білмейтін жандарға үйретсек, орта буын жəне артымыздан ерген жеткіншектер бізге қарап бой түзейді. Ана тілі – жас ұрпаққа аманат. Қазақ тілінің орыс тілінің көлеңкесінде қалып кетуіне жол бермеу керек. «Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте!» деп Абай атамыз айтқандай қазақ тілін барлық жерде бірінші қоюымыз керек. Өз басым тiл үйренуге оның қатарында қазақ тілін бiлуге деген құштарлығымның арқасында қазақ халқының ауыз толтырып айтатын тарихын біліп, мəдениетi мен əдебиетіне құштарлығым артып, қазақ əдебиетінің жыр маржанымен сусынымды қандырып келемін.
Қорытындылай келе, елдің тарихы, салт-дəстүрі, болашағының дамуы ана тілін құрметтеген адамнан бастау алады. Мен өз тілімді мақтан тұтамын, қастерлеймін, қолданамын, кез-келген ортада бірінші қазақ тілінде сөйлеймін, онда сен де неге дəл солай істемеске? Мемлекеттік тілді құрметтеу сенен, менен басталады!
Əбдікарім Ə. Физика-техникалық факультетінің магистранты
Жаримбетова Р.Н. Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы