Оқушыларға
Қалаған маман иесі атану үшін...
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - деп халқымыздың ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын табуға тырысады, яғни өседі, өнеді, «еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді. Сол мамандықтың қызығын көру үшін үлкен белестерден өтіп, қиындыққа тап боласыз. Соның бәріне шыдамдылық және батылдықпен жете білсеңіз, үлкен белестерге жетіп төбеңіз көкке көтерілер еді. Әр уақытта шыдамдылық таныта біліңіз. Мүмкін, барлығы сіз қалағандай болмайтын болар, алайда, әр іске нық қадам жасап, сабырлы болсаңыз, сіздің қолыңыздан бәрі келетініне сенімдімін. Өмір өзі сынақтан, қиындықтан тұрады. Соның бәрімен мойымай күресе білсеңіз, сіз қалаған маман иесі алдыңыздан-ақ шығады. Жоғарыда айтылған сөздеріме бір мысал келтірейін. Менің өмірімдегі ең үлкен қорқыныштардың бірі - ұлттық бірыңғай тестілеу болған. Иә, әрине жай ғана өмірдің кішкентай ғана сынағы болатын. Бірақ, оның алдындағы қорқыныш мені іштей жеген. Шыны керек, қатты қорыққаным соншалық, сабырлық пен батылдық атаулыны сол кезде жоғалттым. Алайда, уақыты жақындаған кезде бойымдағы қорқыныш сезімін алшақтаттым да, сабырлы болып, батылды бола бастадым. Сол қорқынышты жеңгеннің арқасында қалаған ұпайымды жинадым. Өзіме сенімді болдым да, сол жерге кірер алдында нық қадам бастым.
Көрдіңіз ғой, әр істі бастар алдында сізге кедергі болатын сезімді ысырып, тек сабырлық танытсаңыз, сіз қалаған маман иесі боласыз. Сабырлы болыңыз және өзіңізге сеніңіз!
Әсем Мурзагалиева